Жерлесіміздің құрметіне

Жерлесіміздің құрметіне

Тақтаның Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы орналасқан мекеменің қабырғасына орнатылғаны тегін емес. Аманолла Рамазанов – өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің құрылуына қомақты үлес қосқан тұлға.

– Аманолла Рамазанов – қызметінің алғашқы күнінен бастап соңғы күніне дейін бар күшін сүйікті ісі мен мемлекетіне жұмсағандардың бірі, – деп айтып өтті тақтаның ашылу салтанатында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Павлодарлықтар осындай жерлестерін мақтан етеді. Көпшілік үшін олар – бүгінгі күні кәсіби қызметі мен өмірде мақтануға тұрарлық үлгілері мен беделді адамдар.

Аманолла Рамазанов 1928 жылы дүниеге келді. Қазақстан Компартиясы Шымкент және Семей облкомдарының бірінші хатшысы қызметіне тағайындалған. ҚазақКСР-інің ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары және қорлар министрі қызметтерін атқарған. КСРО Жоғарғы Кеңесі IX және X шақырылымдарының депутаты болды.