Достық үйінде өңірдің этно бірлестіктерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының отырысы өтті

Достық үйінде өңірдің этно бірлестіктерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының отырысы өтті

Бүгін Достық үйінде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында өңірдің этно бірлестіктерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының отырысы өтті.

Өткен сессияда Мемлекет басшысы Ассамблеяның жаңа міндеттерін айқындап берді: жастарды идеологиялық тәрбиелеу, этносаралық коммуникациялар алаңдарын құру, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру, этномедиация және волонтерлік.

Облыс әкімі Асайын Байханов ҚХА-ның трансформациясын атап өтті және су тасқыны кезінде уақтылы көмек көрсетуді ұйымдастырудағы Ассамблеяның рөлі мен орасан зор тәжірибесін жоғары бағалады. Еріктілер, ҚХА-ның волонтерлері СҚО, Орал қалаларында көмек көрсетті.

- Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға және жеткізуге қатысқандардың барлығына зор алғысымды білдіремін, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Асайын Байханов Екібастұз қаласының, Павлодар, Железин, Успен аудандарының этномәдени бірлестіктерінің, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің, жастар қанатының, ғылыми-сараптамалық топтың белсенді қызметін атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары лауазымындағы жемісті жұмысы үшін «Буковина» румын-молдова мәдени қоғамы» ҚБ төрағасы Аурика Дякқа алғысын білдірді.

Отырыста сөз сөйлегендер ҚХА-ның әділетті Қазақстанды құрудағы рөлі туралы айтты. Облыстық ассамблеяның сарапшылар қауымдастығы бүгінгі таңдағы міндеттерді түсінуде біртұтас бола білді.
Асайын Байханов Достық үйінің қызметін әлеуметтік және азаматтық бастамалардың қайнар көзі - «комьюнити-орталық» ретінде қайта форматтауды ұсынды. Этноскверді жаңғырту және орналастыру бойынша жаңа идеялар дайындау, аймақтағы мектептер үшін әдістемелік орталық ұйымдастырумен Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің жұмыс нысанын қайта қарау ұсынылды.

Сессия соңында рухани бірлікті, достықты және ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсенді үлес қосқаны үшін ҚХА ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев