Халықтық ойындар, керуен, эстрада жұлдыздарының концерті: Павлодар Ертіс өңірінде Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Халықтық ойындар, керуен, эстрада жұлдыздарының концерті: Павлодар Ертіс өңірінде Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Павлодарда Наурыз мейрамын ерекше қарсы алды. Мыңдаған павлодарлықтар ортақ қуанышпен бөлісіп, сүйікті мерекені қарсы алу үшін қаланың орталық алаңына жиналды.

Көрермендерге көктемің мұз бұғауларын бұзып, Ұлы дала төріне Наурыздың келуін бейнелейтін «Қыс пен Көктем күресі» хореографиялық композициясы көрсетілді. Кернейшілердің орындауында мерекелік әуендер шырқылып, «Суық отшашумен» жасалған арнайы эффектінің артында ту ұстаған шабандоздар сап түзеді. 

Мерекенің басты кейіпкері Қыдыр атаның батасымен Наурыздың тарихы мен философиясын ашатын «Әз Наурыз - ұлыс мерекем» атты театрландырылған қойылым басталды. Мереке «Көрісу күні», «Шашу» салт-дәстүрлерімен, жыл символы - Ұлу бастаған жылдық цикл кейіпкерлерінің керуен шеруімен жалғасты.
Карнавалдық қойылым «Қара жорға» халық биін жаппай билеумен жалғасты.

Сонымен қатар, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас әннен шашу шашып, мерекенің көркін қыздырды.

Облыс әкімі Асайын Байханов Ұлыстың ұлы күні мерекесіне қатысып, киіз үйлерді аралап, қазақша күрес, қошқар көтеру жарыстарын тамашалап, тұрғындармен жүздесті. Жастар алаңына барды.

Бұл күні мерекелік іс-шаралар облыстың  барлық жерінде өтті.
Әрбір ауданда екі жүз мерекелік киіз үй орнатылды. Естеріңізге саламыз, биылғы жылдан бастап Наурыз мейрамы Қазақстанда 10 күн бойы атап өтіледі. Наурызнамның онкүндігінің әр күнінің өзіндік мәні бар, ол ынтымақты, қайырымдылықты, руханилықты, жасампаздықты, жаңаруды бейнелейді.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев