Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары жүктасушылардың белсенді тобымен кездесті

Диалог барысында тараптар аймақ территориясындағы жүк тасымалдаудың заңнамалық аспектілері мен ұсақ жүкті тасымалдау барысындағы артық салмақ мәселелері талқыға салынды.
Павлодар облысында қаладан тыс тасжолдарда тым артық салмақ тасумен күрестің басталатындығы туралы біршама уақыттан бері айтылып келеді. Бірақ көмір, тас, бидай және т.б. тасумен айналысатын тасымалдаушылардың көбі жүк тасымалдаудың құқықтық базасынан хабардар емес. Сол себепті шағын және орташа жүк тасымалдаушы компаниялардың атынан жұмыс істейтін кәсіпкерлердің белсенді тобы шақырылып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек, көлік прокуроры, көлік инспекциясы мен жергілікті полиция өкілдерімен кездесу өткізілді.
– Павлодар облысындағы жолдардың 80 пайызы қанағаттарлық және жақсы жағдайда. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Сол себепті біз жөнделген жолдарды «құртуға» жол бермейміз, – деді Ұлан Жазылбек. – Бүгін сіз ауыр жүк таситын көлікті жүргізіп келесіз, ал ертең дәл осы жолмен отбасыңызбен Баянауыл бағына немесе туыстарыңызға қонаққа бара жатқанда жолдардың сапасына наразылық білдіріп, әкімдік нашар жұмыс істейді деп айтасыз… Осындай жағдайды болдырмауымыз керек.
Көлік бақылау инспекциясының мәліметіне сәйкес, 2018 жылы ауыр жүк таситын көліктердің қатысуымен 2 мың заңбұзушылық анықталды, олардың 700-і тым артық салмақ тасуға байланысты болды. Сондай-ақ жергілікті полиция қызметі басқа да құқық бұзушылықтарды тіркеді: өздігінше шанақты немесе тіркемені ұзарту, қосымша техникалық бак орнату және т.б. Сол себепті кездесу барысында транспорттық инспекция өкілдері мен жергілікті полиция қызметкерлері жүк тасудың кейбір заңнамалық ережелерін түсіндірді.
Фото pavon.kz
