Асайын Байханов Аққулы ауданына барды

Асайын Байханов Аққулы ауданына барды

Павлодар облысының әкімі бірнеше ауылдарда болып, әлеуметтік нысандарды, су құбырларының құрылысын тексерді және аудан активімен кездесу өткізді.

Өңір басшысы жұмыс сапарын Баймолдин ауылдық округінің Тақыр ауылынан бастады. Бұл ауылда терезелер мен есіктерді, шатырды, қасбетті, жылыту жүйесін және басқаларын ауыстыра отырып, мектепке күрделі жөндеу қажет. Мектеп директорының м.а. Марат Сапаров хабарлағандай, қазіргі уақытта ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы бар, енді қаржы қаражатын бөлу талап етіледі. Өңір басшысы облыстық білім басқармасына осы мәселені қарауды, әртүрлі жұмыс түрлерін орындауға басымдық беруді тапсырды.

Баймолдин ауылында Асайын Байханов сорғы станциясын аралап көрді. 2022 жылы мұнда ұзындығы 5,9 км су құбыры өткізілді.
- Жұмыстар 100% аяқталды, су беру осы жылдың сәуір айына жоспарланған, өйткені қазір тұтынушылар саны 35% - дан аз, жүйенің қатып қалу ықтималдығы бар, - деді аудан әкімі Абзал Балғабаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ауданның ірі көкөніс өсірушілерімен сұхбаттасты. Қарақала ауылдық округінің "Ертіс Су" шаруа қожалығында фермердің өз қаражаты есебінен картоп, көкөніс, сүрлем және дәнді дақылдар өсіруге арналған учаскеге инженерлік коммуникациялар жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. "Ертіс Су" ШҚ басшысы Василий Демченко 600 гектарға жуық жерді суару үшін қосымша жер учаскелері қажет екенін атап өтті.

Аққулы аудандық ауруханасына ғимаратына күрделі жөндеу қажет. Мұнда жылыту, кәріз және желдету жүйелері тозған.
- 266,7 млн теңге сомасына құжаттама бар, қаражат бөлуде қолдау көрсетуіңізді сұраймыз, - деді бас дәрігердің м.а. Айдын Қобайдарова. Асайын Байханов денсаулық сақтау басқармасына осы мәселені зерделеп, тиісті шешім енгізуді міндеттеді.

2023 жылға арналған өңірдің даму перспективалары туралы аудан активімен өткен кеңесте талқыланды. Азаматтардың өтініштеріндегі ең өзекті тақырыптар автожолдарды, оның ішінде кіреберіс жолдарды жөндеу, тұрғын үй беру, тұрақты ұялы байланыспен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру және т. б. мәселелер болып қала береді.
– Менің сапарларымның мақсаты - аудандардағы тұрғындардың өзекті мәселелері мен өтініштерін зерделеу. Біздің міндетіміз – проблемалық мәселелерді нақты анықтау және бірінші кезектегі жоспарларды белгілеу, - деп атап өтті өңір басшысы.
Асайын Байханов аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді. Олардың қатарында Аққу-Қазы-Майқарағай, Майқарағай-Шақа, Черное-Қазы-Баймолдин автожолдарына сапалы жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету, Аққулы ауылындағы су құбырын реконструкциялауды аяқтау және Жаңатан, Әйтей, Тақырр, Майқарағай, Қызылқоғам және Шабар ауылдарында алты сумен жабдықтау нысандарының құрылысын бастау. Сондай-ақ, өңір басшысы Жамбыл ауылындағы "Ауыл-ел бесігі" жобаларының іске асырылуын бақылауға алуды талап етті.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Валерий Бугаевтың суреті