Әбілқайыр Сқақов облыс орталығының жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Әбілқайыр Сқақов облыс орталығының жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Келесі аптадан бастап әлеуметтік объектілерге жылу беру басталады. Барлық үш жылу электр станциясы күзгі-қысқы кезеңдегі жүктемелерге барынша дайын. Бүгін қала əкімі өңір басшысына жылыту маусымына дайындық туралы баяндады.

Павлодар ЖЭО-3-да жөндеу науқаны толығымен аяқталды. Кәсіпорын жылу беру маусымына барынша дайын. Бас директордың міндетін атқарушы Вадим Лесиннің ақпараты бойынша, станция үлкен қуатқа ие және 10 тәулікке екі есе көмір қоры бар – 115 мың тонна. Әбілқайыр Сқақов қорлардың толықтырылуына және олардың төмендемеуіне назар аударды. 

Күрделі және жоспардан тыс жұмыстарды ескере отырып, ЖЭО-2 жылу желілерін, оның ішінде магистральдық, орамішілік және ыстық сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау аяқталды. Облыс әкімі технологиялық іркілістер мен апаттар жағдайында іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.   

- Штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде барлық іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау маңызды. Су соққыларындағы қауіптерді азайтыңыз. Тек базалық жоспар ғана емес, желілерді қайта қосу және температураны төмендету қажет болған жағдайда бірнеше нұсқа болуы тиіс, – деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.

Аймақ басшысы қаланың барлық жылумен жабдықтау жүйесін «цифрлық егіз» арқылы цифрландыруды жүргізу міндетін қойды. Бағдарлама учаскелердің жағдайын бақылауға және авариялардың алдын алуға көмектеседі. Бұл тапсырмалар күзгі-қысқы кезеңде барынша жүктемелерге дайын ЖЭО-1 жұмысына да қатысты.

Қала əкімі өңір басшысына барлық дайындық жұмыстары жылыту маусымына дейін аяқталатынын жеткізді. Жалпы, тұрғын үй қорының дайындығы 89,2 % - 1129 үйді құрайды. 136 КПТҮ-де қарқынды жұмыс жүргізілуде. Жүйені толтыру 15 қыркүйектен басталады. Бірінші кезекте әлеуметтік объектілер қосылады.

Бұдан кейін өңір басшысы халықты қатты отынмен қамтамасыз ету жағдайымен танысты. Көмір өткізу бойынша ірі нүктелердің бірінде жеткілікті қор бар – 4,5 мың тонна. Бірақ, кәсіпорын директорының орынбасары Серғазы Дәулетбаевтың айтуынша, халық көмір сатып алуда белсенділік танытпайды.

Әбілқайыр Сқақов жеке секторлар мен шалғай ауылдардың тұрғындарын дер кезінде отын жинауға шақырды. Қалалар мен аудандар әкімдеріне бағаны үздіксіз жеткізуді және қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

– Біз дүрлікпеге жол бермеуіміз керек. Жергілікті биліктің барлық органдары іс- қимылдарды үйлестіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет, - деп атап өтті өңір басшысы. Аудандар әкімдері қатты отынды сақтауға арналған платформалардың орналасуын анықтауы керек.

Сондай-ақ, облыс басшысы қаланың әр түрлі бөліктеріндегі тұрғын үйлердің дайындығын тексерді. Ткачев көшесі,18 үйдегі жылу беру маусымына дайынбыз деп сендірді. Бұқар Жырау көшесі, 353 тұрғын үйде дайындық жұмыстары аяқталуда.

Катаев көшесі, 62 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй қауіпті аймақта. Мұнда жылу алмастырғышты қайта құру жұмыстары жүргізілуде. ПИК төрағасы Светлана Зайченко сендіргендей, жөндеу бір апта ішінде аяқталады. Облыс әкімі қала басшысына тұрғын үйлерді қысқа мерзімде дайындау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Облыс орталығының өзекті мәселелерінің бірі үйлерді басқарудың жаңа түріне көшу болып табылады. Бүгінгі таңда шамамен 60%-ы МИБ және ЖС ауыстырылған. Әбілқайыр Сқақов тұрғын үй реформасын іске асырудың төмен қарқынының себебін анықтап, Асайын Байхановқа тұрғындарды сапалы хабардар етуді, сондай-ақ көрсеткіштерді 100% - ға дейін жеткізуді тапсырды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев