Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Бұл лауазымға Мереке Нұрмұханова тағайындалды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев жаңа баспасөз хатшысын ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.  

Мереке Нұрмұханова 2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін «Журналистика» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын продюсер лауазымынан бастады. 2019 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ-ың Ақтөбе облыстық филиалында ақпараттық бөлімнің редактор-жүргізушісі болып жұмыс істеді. Соңғы жұмыс орны -  «Жетінші» арна.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев