Павлодар облысының әкімі өңірдің ең шалғай ауылдың тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Ертіс ауданына жұмыс сапары кезінде Северное ауылының тұрғындарымен кездесті.
Әбілқайыр Сқақов «Смағұл» шаруа қожалығы басшысының м.а. Абай Балтабаевтан алдағы егіс науқанына жоспарлары туралы сұрады. Шаруа қожалығы биыл егіс алқаптарын әртараптандыру шеңберінде зығыр себуді жоспарлап отыр.
- Иелгімізде он мың гектарға жуық жер бар, - деді Абай Балтабаев. - Оның жартысынан көбінде -5,3 гектарда бидай егеміз.
Облыс әкімі жерден алынатын өнімді өңдеуді дамытудың маңыздылығын атап өтті.
- Әрбір ауылда шикізатты өңдеумен айналысатын кем дегенде екі нысан болуы тиіс, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Бұл қадам ауылдың дамуына жаңа серпін беріп, ауыл халқының елде тұрақтауына себеп болады.
Шаруашылық өкілі арамшөп өсімдіктерін ерте анықтау үшін кввдрокоптерлерді пайдаланудың жаңа әдісі туралы айтып берді. Оның айтуынша, дрондарды қолдану алқаптарға түсетін экологиялық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Шаруалар дақылдарды іріктеп улаумен айналысып, қпестицидтердажет болған жағдайда ғана қолданады.
Ауылдық Мәдениет үйіндегі кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті. Тұрғындар жолдарды асфальттау, құрғақ жем-шөпті субсидиялау, санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша сауал қойды.
Любовь Швейцер есімді ауыл тұрғыны мектепке жөндеу жүргізу жайында сөз қозғады.
- Мектепте үш балам білім алады, - деді Любовь Швейцер. - Олар өз қатарлас құрбылары сияқты заманауи жабдықталған мектепте оқығылары келеді.
Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин мектепке жөндеу жасауға қажетті жобалық-сметалық құжаттама 2024 жылы әзірленетінін айтты. Өңір басшысы бұл мәселені кешеуілдетпей, құжаттарды тездетіп әзірлеуді тапсырды.
- «Заманауи мектеп» бағдарламасы шеңберінде мектептерді модернизациялау бойынша ауқымды жоспарларымыз бар, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Сондықтан, бұл мәселені тездетіп шешу керек.
Сондай-ақ, облыс әкімі Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Алексей Печелатовтың үйіне барды. Әбілқайыр Сқақов Қиыр Шығыстағы шайқастардың қатысушысына мықты денсаулық пен сергектік тіледі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев