Березовка ауылында жастардың тартылу орталықтары пайда болды

Березовка ауылында жастардың тартылу орталықтары пайда болды

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Тереңкөл ауданына жұмыс сапары барысында Березовка ауылын аралады. Мұнда ол өткен жылы реконструкция жұмыстары жүргізілген ауыл мектебі мен клубын қарады.

 

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Біләлова Жайнат аймақ басшысына өткен жылы мектеп ғимаратының шатыры, терезе және есік блоктары  ауыстырылып, кіре беріс алаңға тас төселгенін айтып берді.  

 

- Мектеп ұжымында 27 педагог бар, олардың ішінде алты мұғалім көші-қон бағдарламасы бойынша оңтүстік облыстардан көшіп келді, - деп атап өтті Жайнат Біләлова. – Мұнда мектеп алды жасындағы он бала тәрбиеленетін шағын орталық бар.  

 

Оқу мекемесінің ғимараты 1968 жылы іске қосылғаннан бері ауқымды реконструкция алғаш рет жүргізілді.

 

Сондай-ақ, Березовка ауылында облыс әкімі клубты аралап көрді. Оның ғимаратында «Қазпошта» АҚ бөлімшесі, медициналық орталық, кітапхана, фотошеберхана, тренажер залы және коворкинг орталық орналасқан. Мұнда поэзия, ән және би үйірмелері, сурет салу әуесқойлары мен қызықғушылықатры бойынша клубтар жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстарының барысында ғимараттың сыртқы қабырғалары металл сайдингпен қапталып, пандус орнатылды, терезе жақтаулары ауыстырылды.

 

Жұмыс сапары барысында Әбілқайыр Сқақов Березовканың тұрғындарымен сөйлесті. Ауылыдң жас тұрғыны Әбілғазы Аманжол облыс орталығында білім алатын ауыл жастары қазіргі кезде демалыс күндері ауылға жиі келетіндерін айтты.   

 

-   Бір жылдың ішінде ауылымыз адам танымастай өзгерді, - деді ол. – Үлкен жұмыс атқарылды – жолдарға асфальт төселді, көше шамдары орнатылды, балалар мен воркаут алаңдары салынды.  

 

Әбілғазы Аманжол жастардың атынан Березовкада шағын футбол алаңын құруды сұрады. Аймақ басшысы аудан әкіміне футбол алаңын аудандық бюджет есебінен салуды тапсырдыы. Сонымен бірге, Әбілқайыр Сқақов оңтүстік облыстардан қоныс аударған отбасыларды жергілікті жағдайға бейімдеу мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Аудан басшысының жауапкершілігі адамдарды байырғы қоныстарынан ауа райы қаталдау облысқа көшуге қызықтыра алуында жатыр.  

 

- Біз адамдарды олардың білімі мен мамандығына қарай шақыруымыз қажет, - деп атап өтті әкім. – Егер, жұмыс беруші қоныс аударушыларға арнап үйлер салатын болса, біз оларды сатып алуға дайынбыз.  

 

Кездесу соңында Әбілқайыр Сқақов жергілікті билік тұрғындармен белсенді диалог құрулары керек екенін еске салды. Ол үшін бірінші басшылар ауылдарға шығып, тұрғындармен кездесу арқылы олардың өтініштерін тыңдаулары керек.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев