Павлодарда өткен стратегиялық сессияда жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

Брейнстормингке 60-тан астам адам қатысты, олардың ішінде жұмыс берушілер, колледж басшылары және Павлодар облысының жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері болды. Сарапшылармен бірге олар жұмыспен қамтудың негізгі проблемалық мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында қызу пікір-талас өтті. Стратегиялық сессияны бейнеконференция байланысы арқылы талқылауға қосылған "BTS Education" компаниясының басшысы Саясат Нұрбек ашты. Ол мамандардың Павлодар облысында жүргізген зерттеулерінің кейбір қорытындылары туралы айтып берді. Олардың ішінде, мысалы, өтініш берушілердің үміті мен жалақы мәселесінде жұмыс берушілердің ұсынысы арасындағы айырмашылық. Сауалнама көрсеткендей, 4 жұмыссыздың 3-і айына кемінде 150 мың теңге алғысы келеді, ал жұмыс берушілердің 10 пайызы ғана кандидатқа мұндай жағдай жасауға дайын.
- Жұмыссыз аламдардың жұмыс істегенінен көрі, отбасына атаулы әлеуметтік көмек алып отыруы тиімдірек екен, - деді Саясат Нұрбек. - Бұған аса мән беретін өзекті мәселелердің бірі. Ал оны не ұсынылған жалақыны көтеру, не кандидаттардың бірнеше біліктілігі болса, біріктіру мүмкіндігін беру арқылы шешу керек.
Сонымен қатар, BTS Education анықтағандай, аймақтағы жұмыссыздардың дені - әйел қауымы, бүгінде олар жұмыссыздардың 60%-дан астамын құрайды. Бұл ретте жұмыс іздеушілердің жартысынан көбінің қандай да бір кәсібі жоқ. Брейнсторминг қатысушыларына да осы мәселелердің шешімін табуға тура келді.
Стратегиялық сессия алты түрлі бағыт бойынша басталды. Мәселен, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мәселесін қозғады. Олар жастардың металлург, дәнекерлеуші және механик сияқты мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруды ұсынды. Сала қызметкерлерінің айтуынша, мұны кәсіптік бағдар беру және мектептердегі еңбек сабағында практикалық жұмыстар жүргізу арқылы жүзеге асыруға болады. Келесі үстелде қызмет көрсету саласының қызметкерлері колледж студенттеріне оқу кезінде ақша табуға мүмкіндік беру керектігін алға тартты. Ең бастысы, бұл үшін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында қажетті жабдықтар жеткілікті.
– Өңіріміздегі бірнеше колледждерді аралап шықтым, көбінде бұлардікіндей орнатылған техника жоқ деп айта аламын, - деп мәлімдеді "Troya" ЖШС басшысы Рафаиль Бразинский. - Шағын және орта бизнес белгілі бір тауарларды өндіруге оқу орындарына тапсырыс беретін болса, студенттер бұл жұмысты атқара алатын еді. Сонда олар кәсіби мамандық алу арқылы шынымен ақша табуға болатынын түсінеді.
Стратегиялық сессияда айтылған барлық ұсыныстарды қарастыруға уәде берді. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та пікір-таласқа қатысып, жұмыспен қамту мәселелерін шешудің шаралары қарастырылады деген үмітін білдірді.
- Бүгін біз колледждерге үлкен үміт артамыз, - деді ол. - Олар бірінші кезекте облыс экономикасына дайындалып, ішкі еңбек нарығын қамтуы керек. Сонымен қатар, жұмыссыздардың жұмыспен қамту орталықтарына бару қазіргі талапқа сай емес. Бүгінде базарлар мен адамдар көп жиналатын жерлерде жұмыссыздарды іздейтін мобильді жұмыспен қамту орталықтары қажет. Бізге жаһандық деңгейде жұмыс берушілер, ірі компаниялардың HR бөлімдері, жұмыс іздеушілер, жұмыс орталықтары және колледж жетекшілері пайдалана алатын жұмыспен қамту жүйесі қажет.
Аймақ басшысы еңбек нарығын дамытуға мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы тек стратегиялық сессияда ғана тоқтап қалмауы керектігін қадап айтты. Бұл жұмыстың нәтижесі жұмыспен қамту саласындағы облыстық іс-қимыл бағдарламасын қалыптастыру болуы тиіс.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Валерий Бугаев