Павлодар облысында маусымаралық кезеңде жергілікті нарықты арзан картоппен қамтамасыз ету туралы меморандум жасалды

Жергілікті билік пен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер жасасқан келісімге сәйкес көкөніс қоймаларынан тікелей жеткізу үшін 30 мың тонна картоп пен 6 мың тоннадан астам сәбіз сатып алынаы. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өткен кеңесте екіжақты құжатқа қол қойылды.
Көкөніс өсірушілермен кездесу барысында Павлодар облысының әкімі фермерлер қазіргі таңда фермерлер кәсібін дамыту үшін мемлекет тарапынан елеулі қолдауға ие екендіктерін еске салды. Қолдау инвестициялық субсидиялар, арзандатылған отын, тыңайтқыштар мен су үшін қаржылық өтеу түрінде көрсетіледі. Сондықтан өңір басшысы кәсіпкерлерді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін танытуға шақырды.
- Тұрақтандыру қорына салынған әрбір килограммға белгіленген баға бойынша ақы төленетін болады, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Ең бастысы, сіздер жасалатын меморандумға қол қойғаннан кейін өнімді жөнелту бойынша өз міндеттемелеріңізді орындауда жауапкетылық танытсаңыздар болғаны.
Құжатқа сәйкес Павлодар облысының 33 ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өздерінің көкөніс қоймаларына 30 мың тонна картоп және 6,1 мың тоннадан астам сәбізді сақтап қояды. Қыс көктемге ауысатын және көкөністер дәстүрлі түрде қымбаттайтын кезде бұл өнімдер тұрақтандыру қоры желісі бойынша тікелей әлеуметтік дүкендерге және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне жеткізілетін болады. Көкөніс сақтау қоймаларынан картоп пен сәбізді сату құны бір килограмм үшін 95 теңгеден аспайды.
Картоп пен көкністі өсірумен айналысатын ірі шаруа қожалықтары бұл бастаманы қолдап, өз міндеттемелерімізді адал орындаймыз деп сендірді. Олардың қатарында «Ақтоғай Агро» ЖШС, «Пахарь» ШҚ» ЖШС, «Тимур» шаруа қожалығының және т. б. шаруа қожалықтарының өкілдері бар.
- Сайып келгенде, біздің өніміміздің тұтынушылары өңіріміздің тұрғындары болып табылады, олардың арасында зейнеткерлер көп, - деп атап өтті «Тимур» ШҚ басшысы Равиль Мингазов. - Сондықтан тұрғындардың осы санатын қолдау аса маңызды. Мен өз міндеттерімді орындауда өнімнің әр келісін жеткізуге уәде беремін.
Облыс әкімі фермерлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, қабылданып жатқан шаралар тек қалалық жерлерде ғана емес, оның айналасындағы елді мекендерде де көкөніс бағасын ұстап тұруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев