Абай күнінде Павлодарда ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Абай күнінде Павлодарда ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Абай күнінде шығармашылық қауым және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ақсақалдар мен Павлодар облысының басшылығы ақынның рухына тағзым етті. Жиналғандармен бірге Абай Құнанбайұлының ескерткішіне аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов та гүл шоқтарын қойды.  Белгілі абайтанушы Даниял Әсенов ақынның бірнеше шығармасын оқыды.    

Ақынның туған күнінде қазақ жазбаша әдебиетінің негізін салушы, ағартушы ақын және сазгердің 175-жылдығына орай елімізде 2020 жылы белгіленген Абай күні аталып өтіледі.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі  

Суреттерді түсірген Ілияс Қанат