ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы ақпарат

21 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 147 адам короновирус инфекциясынан (13 436 КВИ+ және 11 711 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 375 пациент стационарда, 20 772 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 249 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.