Диагностика дамысын десек

Оңтүстік Кореяның мамандары Павлодар облысында медицинаны дамтыпақшы. Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Болат Бақауовпен кездескен Оңтүстік Кореядағы аса үздік медициналық орталықтың өкілдері осылай мәлімдеді.
Оңтүстік Кореядан келген қонақтар кездесуге дейін қаламыздағы бірнеше емханалар мен облыстық диагностикалық орталықты аралап көрді. Жергілікті медициналық мекемелерге баға берген шетелдік мамандар аймағымызда диагностиканы дамытуға көңіл бөлу керек деп есептейді.
– Менің ойымша, ТМД-нің басқа елдерііндегі сияқты, Қазақстанда да диагностика жеткілікті деңгейде дамымаған. Ал, кез келген аурудің емін табу үшін алдымен оны дұрыс анықтау керек, – деді кездесуде Пусан қаласындағы «Гуд Ганг-ан» ауруханасының басқарушы директоры Со У Ёнг. – Қазіргі кезде біздің емханада шетелден келіп емделушілер көп. Мен өз басым, мұны құптамаймын. Үйткені кез келген мемлекет өз азаматтарына сапалы медицинаны ұсынуға қауқарлы.
Кездесу барысында қонақтар облыс орталығында заманауи диагностикалық орталық салуға тілек білдірді. Облыс әкімі өз тарапынан инвесторларға барынша қолдау көрсететінін айтты. Жаңа медициналық мекеме жұмыс істей бастаса, әкімдік оған мемлекеттік тапсырыс беру арқылы аймақ тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуге көмектесетін болады.
– Біз сіздерді ынтымақтастыққа шақырамыз, – деді Болат Бақауов. – Мемлекет басшысы бізге жүктеген міндеттердің бірі – инвесторларға қолдау көрсету. Медицнаны дамыту мәселесі біз үшін аса өзекті. Тұрғындардың денсаулығын сақтау аса маңызды болғандықтан біз сіздерге барынша қолдау көрсетуге әзірміз.