Жылыжай кешені салынбақ

Инвесторлар Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар жобаларды ұсынды. Ең алдымен, олар қызанақ өсіретін жылыжай салмақ.
– Біз жылыжай салуға болатын жерлерді қарап шықтық. Енді 15-қарашаға дейін оның толық жиынтығын анықтаймыз, – деді Қазақстанда поляк инвесторларымен жұмыс жасайтын «ЭМПК» ЖШС-нің басшысы Николай Карташов. – Жобаны қаржыландырудың негізгі бөлігі, яғни жалпы соманың 85% Польшаның BGK банкі арқылы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша беріледі. Қалған бөлігі біздің тараптан болуы керек, мәселен, жек тұлға немесе «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда ынтымақтасудың екінші жолын қарастырудамыз.

Белгілі болғандай, жылыжай жобасы мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымы дайын. Сондай-ақ, осы бағыттағы нысандарды салу мен пайдалану бойынша тәжірибесі мол мердігерлер де бар. Тиімді шешім қабылдаған жағдайда нысан бір жылдың ішінде салынуы мүмкін.

– Құрылысшылар жарты жылдың ішінде жылыжайдың негізгі қаңқасын құрып үлгереді, – деп атап өтті кәсіпкер. – Ең бастысы, шыны төбені қар басып тастамас үшін жылыжай жұмысын келер жылдың 20-25 қазанынан кешіктірмей бастау керек. Менің ойымша, 2018 жылдың соңына дейін алғашқы өнімді алып үлгереміз.
Сондай-ақ, инвесторлар жақында Павлодар облысының әкімі оларға ұсынған крахмал өсіру зауытын салу мүмкіндігі қызықтырғанын атап өтті. Екі апта ішінде олар осы жобаға қатысты нақты ұсыныстар жасауға уәде берді.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов инвесторларға жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты. Тараптар келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.