Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

2023 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59 мекен жайы бойынша орналасқан әлеуметтік Фронт-офис алаңында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өтеді.

Өңірдің әрбір тұрғыны өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кеңес ала алады, сонымен қатар, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналастыру, білім беру қызметтері және спорт саласында ұсыныстар немесе ескертулер енгізе алады.

Консультациялар өткізеді:

1. Білім басқармасы

2. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

3. Денсаулық сақтау басқармасы

4. Дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

 

 

 

Оқиға күні

06 қыркүйек 2023

Оқиға түрі

Кездесу