Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні!
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! 2023 жылғы 01 шілдеде сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін облыстық мемлекеттік органдарының басшылары «Ertis promenade» орталық жағалауында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізеді.
Өңірдің әрбір тұрғыны жағалауға келіп, өз сұрақтарын қойып, кеңес ала алады, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және т. б. салаларда ұсыныстар немесе ескертулер енгізе алады.
Консультациялар өткізеді:
1. Полиция департаменті
2. Білім басқармасы
3. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
4. Денсаулық сақтау басқармасы
5. Ауыл шаруашылығы басқармасы
6. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы
7. Еңбек басқармасы
8. Жер қатынастары басқармасы
9. Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі
10. Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі
11. Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі
12. Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығы
13. Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі
29 маусым 2023
Хабарландыру