Жиі қойылатын сұрақтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімі мемлекет бағаны бақылауды жүзеге асыратын негізгі азық-түлік өнімдерін қамтиды.
Оған мыналар кіреді:
1. Күріш тазартылған;
2. Қарақұмық жармасы;
3. Бірінші сұрыпты бидай ұны;
4. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны;
5. Рожки;
6. Сүйекті сиыр еті;
7. Сүйексіз сиыр еті;
8. Жылқы еті, сүйексізін қоса алғанда;
9. Қой еті, сүйексізін қоса алғанда;
10. Тауық;
11. Тауық еті (сан, сирақ, тауықтың сан еті);
12. Тартылған ет;
13. Балық (жаңа, салқындатылған, мұздатылған: табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан);
14. Сүт (пастерленген, ультрапастерленген, стерильденген, майлылығы 2,2 %-дан 6 %-ға дейін);
15. Қатты және жартылай қатты ірімшік;
16. Сүзбе майлылығы 5-9 %;
17. Қаймақ;
18. Айран майлылығы 2-3 %;
19. Жұмыртқа, 1 санат;
20. Күнбағыс майы;
21. Сары май;
22. Алма;
23. Ақ қауданды қырыққабат;
24. Қияр;
25. Қызанақ;
26. Пияз;
27. Сәбіз;
28. Картоп;
29. Қант;
30. Тұз, экстрадан басқа;
31. Қара шай.
Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) апта сайын баға мониторингін жүргізіп отырады.
Мысалы, егер дүкенде тізімге кіретін қандай да бір өнімнің бағасы күрт және негізсіз өссе, облыстық сауда департаменті (азаматтардың өтініші бойынша) тексеру жүргізуге және бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдауға құқылы.
Мемлекет жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу ақысын төлемейді. Бұл шығындарды кәсіпкер өз қаражаты есебінен өтейді.
Мемлекеттік қолдау, егер жоба белгіленген шарттарға сәйкес келсе, тек құрылыс-монтаждау жұмыстарына, яғни бизнес объектісіне инженерлік желілерді тікелей тартуға ғана беріледі.
Бұл кәсіпкердің мына әрекеттерді өз бетінше орындайтынын білдіреді:
- жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырыс береді;
- оның құнын төлейді;
- мемлекеттік сараптамадан өткізуді ұйымдастырады;
- осыдан кейін ғана ол құрылыс-монтаждау жұмыстарын мемлекеттік қаржыландыру мәселесін қарау туралы өтініш білдіре алады.
Егер жоба мақұлданса, бюджет қаражаты есебінен инженерлік инфрақұрылымды салу немесе тарту жұмыстары қаржыландырылуы мүмкін, бірақ құжаттаманың өзін дайындау емес.
Мысалы: кәсіпкер Павлодар облысында цех ашуды жоспарлап отыр және объектіні іске қосу үшін оған электр энергиясы мен су тарту қажет. Ол үшін ол алдымен өз қаражаты есебінен жобалау-сметалық құжаттамаға тапсырыс береді, оны әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу ақысын төлейді. Барлық құжаттар дайын болғаннан кейін ол жобасымен әкімдікке жүгінеді.
Егер жоба талаптарға сай болса және мақұлданса, мемлекет инженерлік желілерді тарту бойынша нақты құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыра алады. Бұл ретте жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптама шығындары кәсіпкерге қайтарылмайды.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (жолдар, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және басқа да желілер) тарту түріндегі мемлекеттік қолдау, егер аталған жұмыстардың құны Сіздің инвестициялық жобаңыздың құнының 50%-ынан аспаса, ұсынылады.
Бұл ереже бюджеттік шығыстардың жеке бизнес ауқымына сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
Мысалы: Егер жобаның құны 100 млн теңгені құраса, онда мемлекет желілерді тартуды 50 млн теңгеден аспайтын сомаға қаржыландыра алады.
Қолдау алу үшін жобаның құны мен қажетті инфрақұрылым есептерін қамтитын инвестициялық жобамен жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жүгіну қажет. Шешімді әкімдік экономикалық мақсаттылықты, бюджет қаражатының бар-жоғын және жобаның белгіленген талаптарға сәйкестігін ескере отырып қабылдайды.
Жобаның дайындық деңгейі 30%-дан аз болған жағдайда, мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
Инженерлік желілерді тарту жұмыстары жоба өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданғаннан және бюджет қаражаты бөлінгеннен кейін жүзеге асырылады.
Егер сіз ЖК, ЖШС, қоғамдық бірлестіктер және қорлар ретінде тіркелген болсаңыз, онда сіз Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне (БК) кіре аласыз.
ЖК, ЖШС және қоғамдық бірлестіктер мен қорлар әлеуметтік кәсіпкер бола алады.
Ол үшін ӘК төрт санатының бірін таңдап, әлеуметтік жоба ретінде бір жыл жұмыс істеп, табыс көрсетіп, әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енгізу үшін құжаттар жинау керек. Әлеуметтік кәсіпкер деп санау үшін сіз осы шарттардың біріне сәйкес келуіңіз керек:
1) Халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) қызметкерлерін жұмысқа қабылдау. Мұндай қызметкерлердің үлесі жалпы санның кем дегенде 50%, ал жалақы қоры пайданың кем дегенде 25% болуы керек.
2) ХӘОТ өндірген тауарлар мен қызметтерді сатуға құқылы. Мұндай сатудан түскен кірістер жалпы табыстың кемінде 50% болуы керек.
3) ХӘОТ үшін тауарлар өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтер көрсетуге, мысалы, медициналық қызметтер көрсетуге, протездер жасауға, демалу мен сауықтыруды ұйымдастыруға және т.б. мұндай қызметтен түсетін табыс жалпы табыстың кемінде 50% - ы болуға тиіс.
4) қоғамдық пайдалы бағыттарда жұмыс істеуге, мысалы, әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілерді оқытуға, ХӘОТ қарттарына көмек көрсетуге, мектептерде балалар суицидтері, АИТВ/ЖИТС және т. б. тақырыптарында білім беру дәрістерін өткізуге.
Бұл мәртебені алу үшін Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына құжаттарды тапсыру қажет. Осыдан кейін құжаттарды техникалық тексеру және арнайы комиссия отырысы өткізіледі. Қарау нәтижелері бойынша комиссия Ұлттық экономика министрлігіне қатысушыны Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуді ұсынады.
Сіз, кәсіпкер ретінде, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінішпен облыстың кәсіпкерлік басқармасына жүгінуіңіз қажет, оған келесі құжаттарды қоса бересіз:
- бизнес-жоспар;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асыруды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және бағалау қағидаларына сәйкес техникалық - экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық негіздемесі;
- жобалық-сметалық құжаттамасы;
- шағын және орта бизнес нысанының жобалық - сметалық құжаттамасы;
- шағын және орта бизнес объектісінде орындалған жұмыстардың актілері;
- жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде жұмсалған шығындарға төленетін шот- фактуралар.
Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасының финалистеріне KEZEKTE.KZ. порталы арқылы конкурстық негізде беріледі.
Конкурстық іріктеуге қатысқысы келетін кәсіпкерлер әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кіруі не «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасының финалисті сертификатын (міндетті конкурстық құжаттама) ұсынуы тиіс.
Бизнес - жобаның міндетті шарттары шарт көлемінің кемінде 20% қаржыландыру, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымның болуы және жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылымды құру болып табылады.