Жиі қойылатын сұрақтар
Азаматтық бюджет жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын ақпарат болып табылады.
Бюджет қаражатының нақты қайда бағытталғанын көруге және бағалауға болады: мектептерге, жолдарға, әлеуметтік бағдарламаларға, инфрақұрылымға және т.б.
Бұл бюджетті қоғамға ашық, түсінікті және есеп беретін етеді.
Бюджет кодексінің 39-бабына сәйкес азаматтық бюджет бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) және атқару сатыларында жасалады.
Жергілікті деңгейде азаматтық бюджетті қалыптастыру мен жариялауды:
- жоспарлау сатысында;
- бюджетті атқару сатысында;
- бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстары бойынша барлық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
- квазимемлекеттік сектор субъектілері алатын бюджет қаражаты бойынша қамтамасыз етеді.
Азаматтық бюджетті жариялау мемлекеттік органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында азаматтық бюджеттің белгіленген құрылымын сақтай отырып, инфографиканы, схемаларды, диаграммаларды, кестелерді және басқа да презентациялық нысандарды пайдалана отырып, халық үшін қолжетімді нысанда мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Бюджетті жоспарлау сатысында азаматтық бюджетті орналастыру мерзімдері:
- бюджет жобасын қалыптастыру жөніндегі ақпарат тиісті деңгейдегі өкілді органның қарауына бюджет жобасын енгізу мерзіміне бес жұмыс күні ішінде;
- бюджетті бекіту (нақтылау) жөніндегі ақпарат - тиісті деңгейдегі өкілді орган бюджетті қабылдағаннан кейін жиырма күнтізбелік күн ішінде орналастырылады.
Облыстық коммуналдық мүлікті пайдаланғаны (жалға бергені) үшін қате төленген соманы қайтару немесе басқа шотқа аудару үшін е-Өтініш ақпараттық жүйесі арқылы немесе қолма-қол Облыс қаржы басқармасының кеңсесіне төлем туралы түбіртектің және жеке куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, ақшалай қаражатты қайтару немесе аудару туралы өтініш беру қажет.
Мысалы: Сізден 201504 бюджеттік сыныптама кодына (БСК) 1000 теңге мөлшерінде қате төленген соманы, төлем күні 2025 ж. 06.01., БСН 13550000456 атауы «Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі 201504 бюджеттік сыныптама кодына (кімге) атауы Жеке кәсіпкер «Черемушки» аударуды сұраймын».
Содан кейін облыс қаржы басқармасы қорытынды жасайды және мемлекеттік кірістер органына түсімдерді қайтаруға және/немесе есепке алуға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін мынадай мерзімдерде жібереді:
- төлеушіден есепке жатқызуға өтініш келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күнінен кешіктірмей;
- төлеушіден қайтаруға өтініш келіп түскен күннен бастап сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей.
Қорытындының екінші данасы төлеушіге жіберіледі, үшіншісі уәкілетті органда қалады.
Мемлекеттік кірістер органы бес жұмыс күні ішінде қате төленген соманы өтініш берушіге аудару үшін «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік қазынашылық органына төлем тапсырмасын жасайды және ұсынады.
Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі бағдарламаға қатысудың міндетті критерийі болып табылады. Әлеуметтік қолдау тек нақты аудан немесе облыс бойынша бекітілген тізімге енгізілген мамандарға ғана беріледі. Сондықтан, егер сіздің мамандығыңыз тізбеде болмаса, сіз қолдау шараларын талап ете алмайсыз.
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 4-тармағына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталында https://otbasybank.kz/programm-bank орналастырылған тізбеге сәйкес мамандарға ұсынылады.
«Дипломмен - ауылға!» жобасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандардың, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесін қалыптастырады және бекітеді.
Тізбеге қол жеткізу үшін «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталында https://otbasybank.kz/programm-bank авторизациядан өту қажет (Менің өтінімдерім бөлімі – сұранысқа ие мамандықтар тізбесі - облысты таңдаңыз - қаланы, ауданды таңдаңыз).
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесі әлеуметтік қолдау шаралары көзделген:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит:
- ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
- ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көзделген.
Кредитті беру мерзімі жылдық 0,01 % мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейін.
Әлеуметтік қолдау алу үшін Баспана Маркет https://otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы өтініш беруіңіз керек.
Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған порталда тіркеуді жүзеге асыру және көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
- нысан бойынша өтініш,
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білім туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
- нысан бойынша өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білім туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- несие бюросының есебі.
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
- нысан бойынша өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білім туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- несие бюросының есебі.
Мүлік иесі әкімдікке (ЖАО) сыйға тарту шарты бойынша өз мүлкін мемлекеттік меншікке беруді сұрап өтініш береді.
Әкімдік бұл мүліктің мемлекетке қажет екенін білу үшін 7 күн ішінде мемлекеттік органдарға ұсыныс жібереді. Мемлекеттік органдар 30 күн ішінде мүлік қажет пе, жоқ па деген қорытынды береді.
Олар мыналарды бағалайды:
- мемлекет үшін мүліктің пайдасы бар ма;
- оны қалай пайдалануға болады; оны ұстауға ақша жеткілікті ме?
Егер оң шешім қабылданса - меншік иесімен 20 күн ішінде сыйға тарту шарты жасалады. Осыдан кейін мүлікті қабылдау-беру актісі жасалады. Егер мемлекетке мүлік қажет болмаса, әкімдік бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.