Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша есеп Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша есеп Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  1. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» – «Қандас мәртебесін беру

немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен регламенттелген.

  1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе

ұзарту» – «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен регламенттелген.

  1. «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа

орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» – «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығымен регламенттелген.

  1. «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына

енгізу» – «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен регламенттелген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес, Басқармамен жоспарлы бақылау іс-шаралары жүргізіледі.

         Осы бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда.