Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар

Жарияланған күні: 25 желтоқсан 2025

Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен және өзге де заңнамалық актілерімен бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтар мен бостандықтардың толық көлеміне ие.

Атап айтқанда, олардың сайлау және сайлану құқығы бар.

Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын тиімді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесімен және «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқу бейнесабағын әзірлеп ұсынды.

Аталған бейнесабақпен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында танысуға болады: http://www.election.gov.kz.