«Халық заңгері» республикалық акциясы

«Халық заңгері» республикалық акциясы өткізуі, осы акция аясында кез келген адам заң туралы тегін кеңес алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.

Акция 16 қыркүйек күні сағат 16:00-де еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде өтеді.

Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа кеңес беретін болады.

Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.

Павлодар қаласында Ломов к-сі, 38, Жастар бастамаларын дамыту орталығы мекенжайы бойынша өтеді.
Өтетін орындар туралы ақпарат https://prg.kz/paragraph_global#lawyer сайтында.
💼 Ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.

Оқиға күні

16 қыркүйек 2022

Оқиға түрі

Кездесу