Жиі қойылатын сұрақтар

Әлеуметтік жұмыс орны

  • жұмысқа талаптар жұмыс берушімен анықталады, ұзақтығы: 12 айдан аспайды, жалақының мөлшерін жұмыс беруші орнатады, жалақының 35%-ын мемлекет төлейді

Қоғамдық жұмыстар

  • әлеуметтік пайдалы жұмыс, кәсіптік білім талап етілмейді, ұзақтығы 12 айдан аспайды, жалақы - 24 АЕК-тен төмен емес

Жастар практикасы

  • оқуды 5 жылдан артық емес уақыт бұрын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, колледждер мен жоғары оқу орындарының 35 жастан аспаған түлектеріне арналған, кәсібі бойынша бастапқы тәжірибе алу үшін жұмыс
  • жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды, жалақы 30 АЕК-тен кем емес

Күміс жас

  • Күміс жас бойынша жұмыс орны зейнеткерлік жасқа толмаған, 50 жастан асқан жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылады
  • Күміс жасқа қатысу ұзақтығы 36 айдан аспайды
  • аяқтағаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлікке шыққанға дейінгі зейнеткерлік жастағы адамдар үшін, сондай-ақ кемінде 1 жыл мерзімге зейнеткерлік жасқа толмаған адамдар үшін тұрақты жұмыс ұсынады
  • жалақыны жұмыс беруші белгілейді және төлейді, бұл ретте 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мемлекет алғашқы 12 айда - жалақының 70%-ын; 13 айдан 24 айға дейін - жалақының 65% -ын; 25 айдан 36 айға дейін - жалақының 60% - ын төлейді.