Жеңілдетілген несиелендіру

Жеңілдетілген несиелендіру

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы көмегімен павлодарлық кәсіпкерлер 18,9 млн теңгеге дейін несие ала алады.

Бұл мемлекеттік қолдаудың басты бағыты – қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту.

Несие «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы бизнес-жобаларын жүзеге асырған немесе бастауды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге беріледі.

Басты әрі міндетті талап – кәсіпкер салық органдарында тіркеуде болу керек және оның «Халықты жұмыспен қамту» орталығынан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жолдамасы болу шарт.

Ісін енді бастаған кәсіпкерлердің микронесие алу үшін «Бастау-Бизнес» оқуынан өткені туралы сертификаты болу керек. Ал кәсібі барлар тұрақты жұмыс орнын ашқан жағдайда осы бағдарламамен несие ала алады.

Сұрақтарыңыз болса, Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 4 қабат мекенжайы бойынша орналасқан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға хабарласа аласыз.
Телефон нөмірі: 62-12-22.

Сондай-ақ Павлодар қ., Бектұров к-сі 115, тел 21-54-80; Екібастұз қ., Энергетиктер к-сі 62 үй, тел 34-71-23; Ақсу қ., Ә.Молдағұлова к-сі 10, тел. 3-34-73 арқылы «Жұмыспен қамту орталық» мамандарынан кеңес ала аласыз.