Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 26-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы№264"білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы негізінде, бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және қағаз жеткізгіште бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары ( бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.
Жер учаскесін беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі (ҚР ЖК 44-бабы).
ЖТҚ үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады (ҚР ЖК 44-1-Б.).
ЖТҚ үшін тегін жер учаскесін беру нормасы 0,1 га (ҚР ЖК 50-б.).
Жер учаскесін алу үшін жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға (аудан, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігі) жеке басын куәландыратын құжатпен және өтінішпен жүгіну қажет.
ҚР Жер кодексінің 36 және 48-баптарына сәйкес жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын күтіп-ұстау жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына сауда-саттық (конкурстар) өткізілмей, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.
ҚР ЖК 43-бабының 10-тармағына сәйкес жер учаскесінің шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттар (шарттар, сот шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері және т.б.) берілгенге дейін оны пайдалануға жол берілмейді. Бұл норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу деп танылады және ҚР ӘҚБтК – нің 136 – бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікті көздейді (жеке тұлғалар – 75 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар - 100 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері-150 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері-700 АЕК). ҚР ЖК 164-1-бабының талаптарына сәйкес анықталған фактілер бойынша бұзушылықтарды жою үшін материалдар өзгенің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап ету үшін өз бетінше иеленіп алған учаскелер орналасқан жердегі аудандық және қалалық әкімдіктерге жіберіледі.
СМС - ке қатысу үшін БЖТ төлемін кемінде үш ай қатарынан жүргізу қажет. Бұл ретте мәртебе БЖТ үшінші төлемі аударылған күннен бастап ағымдағы айдың соңына дейін беріледі. Егер адамның мүмкіндігі болса, ол БЖТ-ны алдын ала төлей алады. Ай сайынғы төлем сомасы: 1 АЕК – қалада тұратын жеке тұлғалар үшін, 0,5 АЕК – басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін.
Айта кету керек, "сақтандырылған" мәртебесі болмаған жағдайда адам тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығы бар. Қолжетімді қызметтер тізімімен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында танысуға болады Fms.kz.
Коронавирустық инфекцияға қарсы егу үшін ММС жүйесінде сақтандыру мәртебесі қажет емес. Иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу және COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты осы мақсаттарға бағытталмайды.
Естеріңізге сала кетейік, вакцинация 18 жастан асқан адамдарға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жүргізіледі. Сіз вакцинация ала аласыз:
* емханалар жанындағы егу кабинеттерінде;
* сауда орталықтарының, базарлардың, ірі кеңселердің аумағында ұйымдастырылған жылжымалы егу пункттерінде;
* арнайы контингенттің медициналық пункттерінде-тиісті ведомствоның қызмет орны бойынша жүзеге асырылады.
2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында лайықты жұмыс іздеп жүрген жұмысы немесе табысы (кірісі) жоқ адамдар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына не "электрондық үкіметтің"веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін өтініш бере алады деп көзделген.
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін қажетті құжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
- білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжаттар (бар болса).
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ тегін кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді.
Егер 10 күн ішінде қолайлы жұмыс таңдалмаса, сіз жұмыссыз ретінде тіркелесіз. Тіркеу сіздің деректеріңізді мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексергеннен кейін, алынған мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасына енгізе отырып жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген заңнамаға сәйкес, жұмыссыздар:
- халықты жұмыспен қамту орталықтарынан: лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша көрсетілетін қызметтерді; қызмет (кәсіп)түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында консультациялық, ақпараттық көрсетілетін қызметтерді және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тегін алу;
- егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер;
Сонымен қатар, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты электрондық еңбек биржасының веб-сайтынан алуға болады – enbek.kz.