Шетелдік азамат еңбек шартын бұзған

Шарбақты аудандық соты Шарбақты ауданының Алексеевка ауылында тұратын Тәжікстан Республикасының 1975 жылы туған азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

2021 жылғы 13 қыркүйекте бір жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты бар шетелдік Алексеевка ауылында басқа жеке тұлғада жұмыс істеген.

Құқық бұзушы еңбек шарты жасалған жеке тұлғаның үй шаруашылығында ғана жұмыс істеуге құқылы болды.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, оған рұқсаты жоқ жеке тұлғада жұмыс істегенін түсіндірді.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 51 048 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Құқық бұзушының айыппұлы ерікті түрде төленді.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

«Шарбақты аудандық сотының

Баспасөз қызметі»

Жарияланған күні

25 қазан 2021

Жаңарту күні

25 қазан 2021

Қызмет бағыты