
2020 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89-баптарына сәйкес, «Қазақстанның демократиялық партиясы «Ақ жол» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:
1. Саяси партиясының жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Саяси партия өкілінің оның өкілеттігін растайтын құжаты;
3. Партиялық тізімінің электронды және қағаз түрінде;
4. Азаматтың партиялық тізімге қосылуға келісім беру өтініші;
5. Партиялық тізімдегі әрбір үміткердің өмірбаяны;
6. Партиялық тізімдегі әрбір үміткердің жеке куәліктерінің көшірмелері;
7. Саяси партияның мүшелігін растайтын, уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен куәландырылған құжаттар.
8. Саяси партияны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
9. Үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлік туралы декларацияларын тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары.
Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген Шарбақты аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың тиісті органдарға жолдаған өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның оларға қойылған талаптарға сәйкестігін белгілейді.
Шарбақты аудандық мәслихаты депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылдың 10 қарашасынан 4 желтоқсанына дейін жүзеге асырады. (сағат 18.00-ге дейін).
Партиялық тізімдерді тіркеу 10 қарашада басталып және ағымдағы жылдың 10 желтоқсанда кешкі сағат 18.00-де аяқталады