Логотип

Меню

Страницы

Статья

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыға ешқандай қатысы жоқ. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде берілетін әлеуметтік жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) беріледі. МӘСҚ активтері – әлеуметтік аударымдардан жинақталған қаражат, ол ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдерге арналған. Әлеуметтік тәуекел жағдайларына, мәселен, жұмысынан, еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айрылу, жүктілігі және босануына, жаңадан туған нәрестені (сәбиді) асырап алуына, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты болуына орай табысын жоғалту жатады. Ал БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері – бұл «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы төлемдеріне арналған салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншікті ақшасы (зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысы). Сонымен қатар БЖЗҚ-дағы Сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Заңның 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік жәрдемақыға ешқандай қатысы жоқ. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде берілетін әлеуметтік жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) беріледі.

МӘСҚ активтері – әлеуметтік аударымдардан жинақталған қаражат, ол ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңында көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдерге арналған. Әлеуметтік тәуекел жағдайларына, мәселен, жұмысынан, еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айрылу, жүктілігі және босануына, жаңадан туған нәрестені (сәбиді) асырап алуына, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты болуына орай табысын жоғалту жатады.

Ал БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері – бұл «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы төлемдеріне арналған салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншікті ақшасы (зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысы).

Сонымен қатар БЖЗҚ-дағы Сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Заңның 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

Дата публикации
26 ноября 2020
Дата обновления
26 ноября 2020
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

19 октября 2026
19 октября 2026
Информационные плакаты по выборам акима Шарбактинского сельского округа
Информация
15 октября 2026
Уважаемые жители Щербактинского района! 29 ноября 2026 года состоятся выборы депутатов маслихатов Республики Казахстан.

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы