Күйдіргі

Күйдіргіні алдын алу

 

Күйдіргі - үй және көптеген жабайы жануарлардың жіті инфекциялық ауруы. Күйдіргі  бацилласы -қоздырғышы болып табылады.

Күйдіргі қоздырғышы көптеген жылдар бойы топырақта болуы мүмкін.

        Күйдіргі ауруы:

  • ауру жұқтырған малды ветеринариялық куәландырусыз сойғанда;
  • күйдіргі ауруының қоздырғыштары жұқтырылған етті тамаққа қолданғанда;
  • күйдіргі ауруының қоздырғыштары жұқтырылған ауаны жұтқан кезде жұғуы мүмкін. Күйдіргі ауруының қоздырғышы топырақта жүз жылға дейін сақталуы мүмкін.

Аурудың белгілері:

  • Тері бубондық түрі- инфекция түскен тері қышып, іріңді дақ пайда болады. Содан кейін дақ күлдірейді, 2-6 күннен кейін қара қабыршықпен жабылған уытты ойық жараға айналады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, денесі құрысып ауырады.
  • Ішектік түрі – іштің қатты ауырып, құсу және қан араласқан сұйық дәреттен басталады.
  • Өкпелік түрі -дене қызуы көтеріліп, адам қатты қалтырайды, мол қақырық бөлінеді. 3-5 күннен кейін жедел өкпе жеткіліксіздігі пайда болып, яғни жүрек соғысы жиілеп, ауыр демікпе, естен тану мен өлім жағдайына алып әкеледі.

Алдын алудың негізгі шаралары:

  • Үй жануарларының күтімі кезінде қорғаныш құралдарын қолдану және жеке бас гигиенасын сақтау (жануарлардың барлық түрлері ауырады);
  • Күйдіргіге қарсы үй жануарларына профилактикалық екпе жүргізу қажет;
  • Малды тек алдын ала ветеринариялық тексеріп-қараудан кейін ғана сою;
  • Кездейсоқ адамдардан ет және сүт өнімдерін сатып алмау керек.

 

Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде дәрігермен кеңесу керек!