Жер қатынастары

«Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

- Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

- Жеке меншікке  және   жер пайдалануға Қазақстан  Республикасының қолданыстағы  заңнамасында  көзделген  жағдайларды  қоспағанда  жер  телімдерін  береді;

- Көпшілік сервитуттарды  орнатады;

- Жер телімдерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық (қалалық) әкiмдiкке ұсыныстар енгізеді;

- Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

- Мемлекеттік корпорацияға жер теліміне құқық ауыртпалығын белгілеуге және тоқтатуға нұсқама жібереді;

- Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

- Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі тиісті уәкілетті органға заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпаратты  ұсынады;

- Аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға осы елдi мекендердi кенттер, ауылдар категорияларына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзедi;

- Тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

- Тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;

- Аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттердiң, ауылдық округтердiң, ауылдардың шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi.