Майский район

Меню

Страницы

Статья

Сот медиациясының ерекшелігі

Сот медиациясының ерекшелігі

    Медиация – ол туындаған дауды соттан тыс шешудің бір тәсілі, қандайда бір мақсатқа жету үшін, оның жолын тараптар ерікті түрде өздері таңдайды.

    Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша келіп түскен кез –келген дауды шешу туралы сотқа жүгіну  әрдайым тараптар арасында дау тудырады. Осы істердің қайсысын алмасаңда ол жерде «жеңген» және «жеңілген» тараптар болады.  

   Сондықтан, тараптар арасында келіспеушілік болмау үшін және дауды тиімді түрде шешу жолын табу үшін медиаторға жүгіну  ең тиімді және дұрыс шешім деп саналады.

   Медиаторға жүгіну қарым-қатынасқа теріс әсерін тигізбейді, себебі 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының мақсаты болып: 

      1)  медиацияның екі тарапына да тиімді болатын дауды (жанжалды) шешудің жолын табу;

     2)   тараптардың арасында даудың деңгейін төмендету.

   Медиацияның ерекшелігі ол, тараптар дау туындаған мселені жан-жақты талқылап, және адами немесе іскерлік қарым-қатынасты сақтай отыра екі жақа да тиімді болатын шешім қабылдау болып табылады.

   Сонымен қатар медиация Заң талаптарына қайшы келмейтін тәртіпте, тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі. 

    Тараптардың келісімімен медиация өткізу тәртібі таңдалады, және ол медиаторлар ұйымымен бекітіледі.  

     Медиация өткізілген уақытта тараптардың өзара пікірлері ескеріледі, медиация өткізу рәсімі ресми емес, жеке сипатта, тараптарға бағытталған. 

    Медиация рәсімі тараптардың келісімі бойынша ерікті түрде өткізіледі, ол медиация туралы шартта көрсетілді.  Медиация тараптары медиацияның қай тарабында болсын одан бас тартуға құқылы. Медиация барысында тараптар өзінің қажеттілігіне байланысты материалдық және процессуалдық құқықтарын пайдалана алады, талаптың көлемін ұлғайта немесе азайта алады және даудан (жанжалдан) бас тарта алады. 

    Медиация рәсімі уақытты және қаржыны үнемдейді, себебі келісім қысқа мерзімде жасалуы мүмкін. Тараптар сот шығындарына қаражат жұмсамайды, іске қатысу үшін маманды тартпайды (сараптама өткізу үшін), адвокаттардың қызметіне ақы төлемейді. Кәсіби тұрғыда тараптардың медиациядағы шығындары ол медиаторға сыйақы төлеумен шектеледі.  

   Медиация рәсімі барысында барлық ақпарат құпия, және тараптардың жазбаша рұқсатынсыз жариялануға жатпайды. Тараптар және медиатордың сот отырысында бұл ақпараттарға сілтеме жасауға, сонымен қатар ақпаратты басқа жолдармен таратуға құқылары жоқ.    

   Медиация тәртібіндегі татуластыру рәсімдері ақырындап соттардың күнделікті тәжрибелеріне енді. 

   Сонымен, Қазақстан Республикасының процесстік Кодексінің 150 бабына сәйкес (ары қарай-АПК) келесі өзгертулер енгізілген, татуластыру рәсімдері қткізілген уақытта талап арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өндіріске қабылданады. 

    Сонымен қатар АПК-ң 174 бабына сәйкес, сот (судья)  тараптардың татуласуы үшін шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

    Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

   Егер тараптар медиативті келісімге келген болса, ол өз шешімін жазбаша түрде бекіту қажет. 

   Сотқа медиативті келісімді ұсынады, сот оны бекіткенге дейін тараптарға келісімді бекітудің процессуалдық салдарын түсіндіреді, және егер ол заңға қайшы келмесе, кімнің болса да құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбаса, онда сот дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімді бекітеді және істі өндірістен қысқарту туралы ұйғарым шығарып, мемлекеттік бажды талап қоюшыға қайтарады.  

   Соңында атап өтетін жай, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына он жыл және ол өзінің сот жүйесіндегі тиімділігін және маңыздылығын көрсетті, тараптар арасында адами және қызметтік қарым-қатынасты сақтауға, соттағы іс қарау жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді. 

Павлодар облысы

Май аудандық сотының

судьясы                                                                        Г.Е.Хамитова 

 

Дата публикации
21 апреля 2021
Дата обновления
21 апреля 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026
Первое заседание Майской территориальной избирательной комиссии по подготовки и проведению внеочередных выборов депутатов маслихатов Республики Казахстан

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы