2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы анықтама (азаматтық бюджет)
2025 жылға арналған облыстық бюджеттің
атқарылуы туралы анықтама
(азаматтық бюджет)
1-слайд
2025 жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы.
2-слайд
Түсімдер (барлық санаттағы) 511,4 млрд. теңгені құрады
(2025 ж. – 492,5 млрд.тг).
3-слайд
2025 жылы облыстық бюджетке кірістер 102,3 млрд. теңге көлемінде түсті, жоспар бойынша 96,9 млрд. теңге немесе 105,5% орындалды. Кірістер бойынша жоспар 5,4 млрд. теңгеге асыра орындалды.
4-слайд
Шығыстар 510,1 млрд.теңгеге орындалды және 99,2% құрады (2025 ж. - 99,7%).
Орындалмаған қалдық 3,9 млрд. теңгені құрады.
Орындалмау себептері негізінен объективті сипатқа ие.
5-слайд
Құрылымы бойынша 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің шығыстары келесі түрде бөлінді.
Субвенциялар аудандар бюджеттеріне 9,2 млрд. теңге (1,8%) сомасында, қарыздарды өтеу – 11 млрд. теңге (2,2%), жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге, қорғанысқа, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке 23,2 млрд. теңге (4,5%) бағытталды, бюджеттік кредиттер – 34 млрд. теңге (6,7%), жарғылық капиталдарды қалыптастыру және ұлғайтуға – 1,3 млрд.теңге (0,2%), трансферттерді қайтару – 1,7 млрд. теңге (0,3%), өзгелер – 6,2 млрд. теңге (1,2%).
6-слайд
Бюджет қаражатының негізгі көлемі әлеуметтік салаға бағытталды. Бұл 297,7 млрд. теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 58,3%.
Оның ішінде білім беру жүйесіне 234,7 млрд. теңге (46%) бағытталды және игерілді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне 37,1 млрд. теңге бағытталды.
Облыста 32,9 мың бала контингентімен 387 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
2025 жылы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 95,5%-ға жетті, бұл 2024 жылғы деңгейден 1,9%-ға жоғары (93,6%).
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге 2025 жылы 156,3 млрд. теңге бағытталды. 360 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді (355 – мемлекеттік, 5 – жеке). Оқушылар контингенті 115,8 мың оқушыны құрайды.
2025 жылы 44 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 32 мектеп, 9 балабақша, 2 колледж, 1 қосымша білім беру ұйымы, сондай-ақ 15 мектепте қайта жаңарту жүргізілді. Осы мақсаттарға 7,1 млрд. теңге атқарылды.
Қосымша білім беруге 8,0 млрд. теңге бағытталды. Білім беру жүйесінде 78 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді (мемлекеттік - 38, жеке - 40).
Денсаулық сақтауға саласына 18,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 16,7 млрд. теңге игерілді.
Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауға 5,4 млрд. теңге бағытталды. Қан орталығына арнап жабдық, Сұлтанов ат. ОА-ға арнап шағын инвазивті эндоскопиялық араласуларға арналған жүйе (лапароскопиялық тірек), облыстық балалар ауруханасына және басқа да медициналық жабдықтар сатып алынды.
10 денсаулық сақтау объектісінде күрделі жөндеу жүргізуге 1,4 млрд. теңге бағытталды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша 2,6 млрд. теңге бағытталды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға 1,5 млрд.теңге бөлінді.
Жергілікті бюджет есебінен сервистік қызмет көрсетуді қажет ететін санитариялық көлік, медициналық бұйымдар бойынша лизингтік төлемдерді өтеу бойынша төлем жүргізілді, оған 0,9 млрд.теңге бағытталды.
Денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 3,6 млрд. теңге бөлінді.
Әлеуметтік көмекке 25,1 млрд. теңге бағытталды.
Қалалар мен аудандардың бюджеттеріне 4,9 млрд. теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттер аударылды.
Бюджет қаражаты есебінен 7,8 млрд. теңге әлеуметтік саланың 11 мекемесін ұстауға жұмсалды.
Жұмыспен қамту іс-шараларына 8,8 млрд. теңге бағытталды.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 21,2 млрд. теңге бағытталды.
Оның ішінде мәдениет саласындағы қызметке 4,7 млрд. теңге, спортқа 7,7 млрд. теңге, ақпараттық кеңістікке 5,8 млрд. теңге бағытталды.
2025 жылы инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік объектілерді салу және жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау жөніндегі жобаларды іске асыру жалғастырылды.
7-слайд
Аталған шығыстарға 125,8 млрд. теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 24,7% бағытталды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мұқтаждарына 31,0 млрд. теңге пайдаланылды, оның ішінде:
22,9 млрд. теңге – қалалар мен аудандардың бюджеттеріне трансферттер жіберілді.
3,2 млрд. теңге – аулаларды абаттандыруға, көше жарығын күрделі жөндеуге, қазандықтар сатып алуға, балалар алаңдарын жайластыруға, орамішілік жарықтандыруды ағымдағы жөндеуге;
19,7 млрд. теңге - сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға, жылу-энергетика жүйесін дамытуға, электрмен жабдықтауды және жарықтандыруды дамытуға, абаттандыруды дамытуға.
Қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне халықтың қол жетімділігі 100% құрады. Баянауыл ауданының 2 ауылында (Шоманкөл а., Шонай а.) су құбыры желілерінің құрылысы және Павлодар қаласында 5 жоба аяқталды.
5 АЕМ-де (Май ауданы Баскөл а., Тереңкөл ауданы Песчаное а., Баянауыл ауданының 3 ауылы: Жаңатлек а.,Қаратомар а., Баянауыл а.) және Екібастұз қаласының шағын аудандарында жарықтандыру желілерінің (5-кезең) құрылысы аяқталды, Ақсу қ. а.а. Сарышығанақ ауылындағы көше жарығына күрделі жөндеу жүргізілді.
Үкімет резерві есебінен ТМ қайта құруға 3,8 млрд. теңге бөлінді және игерілді.
«Екібастұз қ. ЦТРП-дан НП-1-ге дейін ТМ-I реконструкциялау» - 1,2 млрд. теңге;
«Екібастұз қ. ЦТРП-дан НП-1-ге дейін ТМ-III реконструкциялау» - 1,9 млрд. теңге;
«Павлодар қ. Павлов-Шевченко-Катаев шағын ауданын жылумен қамтамасыз ету үшін ТК-202а-дан ТК-708 - ге дейін Камзин көшесі бойынша ТМ-13 салу» - 0,7 млрд. теңге.
Қансорғыш жәндіктерге қарсы профилактикалық дезинсекция және дератизация жүргізуге 3,7 млрд. теңге бағытталды.
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне 15,2 млрд. теңге бағытталды, оның 14,7 млрд. теңгесі қалалар мен аудандардың бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға, спорт, мәдениет объектілерін, коммуналдық шаруашылық объектілерін салуға, Ауыл-ел бесігі шеңберінде жобаларды іске асыруға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға трансферт түрінде аударылды.
2025 жылы Павлодар қ. а.а. Жетекші ауылында СОК, Ертіс ауданының Қызылағаш ауылында МОО пайдалануға берілді.
4 спорт нысанының құрылысы аяқталды (Ақсу қ. а.а. Үштерек ауылындағы ФОК, Май ауданы Қаратерек ауылындағы ФОК, Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылындағы ФОК, Май ауданы Көктөбе ауылындағы Бассейн).
Жыл қорытындысы бойынша 578,4 мың м2 тұрғын ғимараттар пайдалануға берілді. Бюджет қаражаты есебінен 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 504 пәтер сатып алынды.
Көлік және коммуникация саласына 31,3 млрд. теңге қарастырылып, 100% игерілді.
Оның ішінде 21,6 млрд. теңге қалалар мен аудандардың бюджеттеріне аудандар мен облыс қалаларының елді мекендеріндегі аудандық маңызы бар кентішілік автокөлік жолдары мен автожолдарға ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жүргізуге, Ертіс ауданының «Амангелді ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автокөлік жолын реконструкциялауға, Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында балалардың тегін жол жүруі үшін шығындарды өтеуге арнап нысаналы трансферттер түрінде жолданды.
32 ауылдық елді мекенде ұзындығы 110 шақырым жолдарды орташа және күрделі жөндеу жұмыстары орындалды.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына 48,3 млрд. теңге бөлінді және 9,5% игерілді.
8-слайд
Бақылау-тексеру жұмысы және тексеру комиссиясының бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат.
9-слайд
«Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ бақылау-тексеру жұмысы және бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат.
4