GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Павлодар облысы АҚДБ( ішкі саясат басқармасы)
21 октября 2026
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жөніндегі сараптамалық кеңес құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жөніндегі сараптамалық кеңес құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру

 

Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.

Сараптамалық кеңес қызметінің мақсаты – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерін объективті және жан-жақты бағалау, сондай-ақ олардың тиімділігі мен әлеуметтік ықпалын арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

Сараптамалық кеңестің құрамына әлеуметтік маңызы бар салаларда тиісті білімі мен тәжірибесі бар азаматтық қоғам өкілдері шақырылады.

Сараптамалық кеңес мүшелері әлеуметтік жобаларды мынадай өлшемшарттар бойынша бағалайды:

әлеуметтік жобалардың орындалу нәтижелері және өткізілген іс-шаралардың қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;

әлеуметтік маңызы бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге жобалардың оң ықпалы;

жоба шеңберінде басталған қызметті жалғастыру мүмкіндігі және қол жеткізілген нәтижелердің тұрақтылығы;

әлеуметтік жобаның нысаналы тобы үшін ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсерінің болуы ықтималдығы.

Бағалау мониторинг нәтижелері мен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы есептердің негізінде бес балдық шкала бойынша жүргізіледі. Сараптамалық кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

Сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін кандидаттар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін өз кандидатураларын ұсыну арқылы іріктеуге қатыса алады. Сараптамалық кеңестің алдын ала құрамы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің келісуіне енгізіледі.

Кандидаттарды ұсыну мерзімі – осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн. Көрсетілген мерзімде кандидатуралар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік орган сараптамалық кеңестің құрамын өз бетінше қалыптастырады.

Сараптамалық кеңестің құрамына кіруге ниет білдірген кандидаттар өздері туралы мәліметтерді, кәсіби тәжірибесі жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен мүдделер қақтығысының бар немесе жоқ екендігі туралы хабарламаны ұсынуы қажет.

Кандидатуралар туралы мәліметтер мен құжаттар мына электрондық пошта арқылы қабылданады: bekzat.baidyisen@pavlodar.gov.kz.

Азаматтық қоғам өкілдерін сараптамалық кеңес құрамын қалыптастыруға қатысуға және Павлодар облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапасы мен тиімділігін арттыруға үлес қосуға шақырамыз.

 

Павлодар облысы АҚДБ( ішкі саясат басқармасы)
16 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

22 июля 2026
Павлодар облысының 2026 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясатының тақырыптық бағыттарының тізбесі (Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы)

Файл 1

Файл 2

Павлодар облысы АҚДБ( ішкі саясат басқармасы)
26 мая 2026
Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының азаматтарды жеке қабылдау кестесі

2026 жилы 2 саур,
2026 жилы 1 4 мамыр,
2026 жилы 4 маусым,
15:30-дан 16:30-га дейін

Павлодар қ.
Генерал Дүйсенов көшесі, 80, 1-қабат
Азаматтарды қабылдау орталығы

 (32-21-19)

19 мая 2026
Павлодар облысының полициясы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себептерін атады

Қылмыстардың басым бөлігі түнгі уақытта жасалады, бұл ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді.

– Бір жағдайда жасөспірім түнде автокөліктен ұрлық жасаған. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар интернет арқылы вейп сатып, ақша алып, бірақ тауар жібермеген жағдайлар болды. Балалардың қатысуымен осындай алаяқтық схемалар анықталды, – деп мысал келтірді Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлемісова.

Құқық бұзушылықтардың шамамен 80%-ын әлеуметтік жағдайы жақсы отбасылардан шыққан балалар жасайды. Алаяқтық пен ұрлық жасаған кәмелетке толмағандардың арасында бұрын есепте тұрмаған, полиция назарына ілікпеген және оқу орнынан оң мінездеме алғандар да бар.Арай Төлемісованың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себептері:

  • тез ақша табуға ұмтылу;
  • әлеуметтік желілер мен интернет арқылы теріс ықпалға түсу;
  • бос уақыттың дұрыс ұйымдастырылмауы және бақылаудың болмауы;
  • құқықтық сананың төмендігі;
  • ата-аналық бақылаудың жеткіліксіздігі.

Оның мәліметінше, полиция қызметкерлері ересектердің қарауынсыз түнгі уақытта жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтер өткізеді.

– Жауапкершілікке 26 кәсіпкер тартылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жүруіне және балаларды тиісінше тәрбиелемеуге байланысты 446 ата-ана мен 723 заңды өкіл жауапқа тартылды, – деді инспектор.

Қазіргі уақытта профилактикалық есепте 218 қолайсыз отбасы және 66 кәмелетке толмаған бала тұр. Ата-ана құқықтарын шектеу және айыру туралы 94 өтінішхат соттармен қанағаттандырылған.

Полиция өкілдері жасөспірімдер қылмысының алдын алуда негізгі жауапкершілік әлі де ата-аналарға жүктелетінін еске салады. Ата-аналарға балалардың қайда жүргенін тұрақты бақылау, интернеттегі қауіпсіздігін қадағалау, ересектерсіз суға түсуге жол бермеу, жол қозғалысы ережелері мен жеке қауіпсіздік шараларын үнемі түсіндіріп отыру ұсынылады.

Балалардың өмірі мен денсаулығы ең алдымен ата-аналардың жауапкершілік аймағында.

15 мая 2026
Более 5 тысяч участников собрал молодежный фестиваль в Экибастузе

В Экибастузе более пяти тысяч молодых людей объединил масштабный молодёжный фестиваль "Ekibastuz Fest: Заң мен тәртіп", посвящённый вопросам правовой культуры, безопасности и профилактики подростковых рисков. Об этом сообщили в управлении информации и общественного развития Павлодарской области.

Как отметили в управлении, фестиваль впервые вывел профилактическую работу за пределы школьных кабинетов — на открытые городские площадки и в формат прямого диалога с молодёжью. Участниками мероприятия стали школьники, студенты, педагоги, волонтёры, представители правоохранительных органов и общественных организаций.

Фестиваль, по данным ведомства, прошёл в рамках инициатив "Таза Қазақстан" и "Адал азамат" и продемонстрировал новый подход к молодёжной политике, где профилактика рассматривается как система ранней поддержки подростков.

В мероприятии приняли участие глава региона Асаин Байханов, прокурор Павлодарской области Алмат Байшулаков, начальник областного департамента полиции Василий Скляр, а также представители системы образования, прокуратуры, полиции и молодёжных организаций.

Главные события развернулись сразу на нескольких площадках города - от площади "Қазақстан" до школы № 26, где состоялось открытие первого "Прокурорского класса". Новый специализированный класс, по словам представителей региональных властей, станет площадкой для формирования правовой культуры и гражданской ответственности подростков. Там школьники будут изучать основы законодательства, медиаграмотность и цифровую безопасность, а также встречаться с представителями прокуратуры и полиции.

Особое внимание во время фестиваля уделили вопросам ранней профилактики подростковой преступности и созданию безопасной городской среды. Гостям презентовали пилотный проект "Безопасный микрорайон", реализуемый в рамках концепции "Айқын нәтиже". Его цель, как пояснили организаторы, — выстроить постоянное взаимодействие между школами, правоохранительными органами и жителями микрорайонов для выявления рисков на ранней стадии.

На площади "Қазақстан" работали интерактивные площадки, выставка спецтехники полиции и служб ЧС, молодёжные акции по профилактике интернет-мошенничества и наркопреступности, а также экологические инициативы.

Участники фестиваля присоединились к закрашиванию наркограффити и оставляли пожелания на арт-баннере "Справедливое общество".

Выступая перед участниками фестиваля, Асаин Байханов отметил, что будущее страны напрямую зависит от ответственности, воспитания и образования молодого поколения, а молодёжь Экибастуза традиционно отличается активностью, стремлением к знаниям и трудолюбием.

В областном управлении также отметили, что символичным продолжением фестиваля стала экологическая акция "Таза Қазақстан". Вместе с участниками мероприятия почётные гости высадили деревья на территории школы № 26 как символ долгосрочного подхода к формированию безопасной и ответственной среды.

Завершился фестиваль показом короткометражного фильма "ҮШ ТАҒДЫР", посвящённого профилактике наркомании среди молодёжи. Через язык современного кино организаторы выстроили открытый разговор с подростками о жизненном выборе, личной ответственности и последствиях необдуманных решений.

В ведомстве считают, что подобный формат помогает выстраивать новую модель профилактики подростковых рисков - через вовлечение, доверие и раннюю поддержку молодёжи.

05 мая 2026
Павлодарда батырлар ерлігіне арналған көрме ашылды

Жұртшылық назарына бұрын-соңды көрсетілмеген әскери жәдігерлер таныстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай «Отан үшін от кешкен батырлар»  көрмесі ашылды.

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының деректеріне сәйкес, соғыс жылдары Ертіс-Баян өңірінен 30 адам Кеңес Одағының батыры атағын алған. Тағы сегіз жауынгер «Даңқ» ордерінің толық кавалері атанған. 

Көрмеде өңірден шыққан батырларың бұрын көпшілікке ұсынылмаған жеке заттары қойылған. Атап айтқанда, майдангер жазушы Қалмұқан Исабаевтың әскери киімі алғаш рет таныстырылды. Қалмұқан Исабаев  соғысқа қатысып, кейін әдебиет саласында еңбек еткен. Сондай-ақ Германиядағы Ильменау қаласының комендаты болған тұлға. Бұл форма 1995 жылы Жеңістің 50 жылдығына арнайы тігілген. 

Сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Құдайберген Сұрғановтың да әскери киімі көрмеге қойылды. Құдайберген Сұрағанов - майданда ерлігімен көзге түсіп, жоғары мемлекеттік сыйлыққа ие болған батыр. Батырдың есімі өңір тарихында ерекше құрметпен аталады.

Бұдан бөлек, экспозициядағы ерекше жәдігерлердің бірі  шағын құран кітапшасы болды. Ол соғыс кезінде тұтқынға түскен жауынгер Қайдар Жазкеновтің өмірін сақтап қалған. Сіріңке қорабына сыйып кететіндей кітапша ұзақ жылдар бойы Павлодар қаласына қарасты Жетекші ауылында сақталған. Көрменің ашылуына Қайдар Жазкеновтің туыстары да қатысты. 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің бас қор сақтаушы Абзал Рымбектің айтуынша, биыл көрмеген бұрын көрсетілмеген құнды заттар қойылған. 

- Біз Қалмұқан Исабаев пен Құдайберген Сұрағановтың әскери киімдерін арнайы ұсындық. Қалмұқан Исабаевтың бұл формасы музей қорына жаңадан келіп түсті. Оны жұбайы Забира апай мен балалары арнайы жіберді. 1995 жылы Жеңістің 50 жылдығына тігілген бұл киім - майдангер жазушының өмірінен сыр шертетін құнды жәдігер, - деді Абзал Рымбек.

Көрме бір апта бойы келушілерге ұсынылады. Одан кейін барлық жәдігер музей қорына сақтауға жіберіледі.

04 мая 2026
📢 Павлодар облысының ауылдық жерлеріндегі ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды!
 

«Павлодар облыстық азаматтық альянс» Ассоциациясы ЗТБ әлеуметтік жобалар конкурсын Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жариялайды. Конкурс «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ауылдық ҮЕҰ үшін аймақтық азаматтық ресурстық орталықты дамыту және шағын гранттарды іске асыру» жобасы аясында өткізіледі.

Жобаның мақсаты: ауылдық қауымдастықтардың бастамаларын қолдау, жергілікті бастамашыл топтарды дамыту және тұрғындарды қоғамдық өмірге тарту. Жоба ауылдардағы әлеуметтік капиталды нығайтуға, жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге және белсенді азаматтық қатысуды дамытуға ықпал етеді.

 

Грант көлемі: 600 000 теңге

Қатысушылар:
— ауылдық ҮЕҰ
— бастамашыл толптар  (3 адамнан кем емес, 18+)
— Павлодар облысының ауылдық елді мекендерінде қызметті жүзеге асыратындар

 Жоба тақырыптары:
- әлеуметтік бастамалар

- ауылдың өзекті мәселелерін шешу

- жергілікті қоғамдастықтардың дамуы

- тұрғындарды қоғамдық өмірге тарту

Мерзімі:
— өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 15 мамырға дейін (сағат 18:00-ге дейін)

Өтінімді беру үшін:

- өтінім нысанын (Word) толтыру

- granty.pavlodar@gmail.com поштаға жіберу

- болған жағдайда  жоба туралы презентация немесе бейне жазбаны қоса жолдау

📍 Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондар:
📞 +7 701 938 58 35
📞 +7 707 494 94 62

ℹ Конкурс туралы ережемен танысуға болады:
— Instagram @ga.pvl  профилінде
— www.npo-pvl.kz сайтында

https://docs.google.com/document/d/1sQZZdh5aG-i7giiAGsvWUoKGbHE6Bhvn/edit?usp=sharing&ouid=108040204352187868917&rtpof=true&sd=true

30 апреля 2026
30 сәуір күні Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қызметкерлеріне Халық Конституциясын ілгерілету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауы, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заң талаптарын мүлтіксіз орындауы, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ қоғамдағы «Заң және тәртіп» қағидатын нығайту мәселелері түсіндірілді. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, профилактикалық ұсыныстар жеткізілді.

20 апреля 2026
Информационное сообщение о проведении размещения заказа

 

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

                

«Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер), телеарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі -32, 119 кабинет, «Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі мекенжайына 2026 жылғы 5 мамыр сағат 17.00-ге дейін жіберіледі.

 Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2026 жылғы 6 мамыр сағат 11.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі -32, 105 кабинет.

Үміткер құжаттардың тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде нөмірленген беттері бар тігілген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады, мөрмен (ол болған кезде) бекітілген, өтінімнің мазмұнын ашылғанға дейін қарауға мүмкіндік бермейтін, оның бет жағында толық атауы және үміткердің пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: "Тапсырыс бойынша (Тапсырыс атауын көрсету) арасында (субъектінің атын көрсету) "және"бұрын ашпаңыз: (Тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету)".

Ақпараттық хабарламада көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін жіберілген өтінімдер комиссияның қарауына қабылданбайды.

Өтінімсіз Тапсырысқа қатысуға бағытталған құжаттар қаралмайды.

Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінім беру қажет. Өтінімге  өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаларға сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035349 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035349 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме  

Павлодар облысында 2026 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі (Баянаул ауданы)

  Конкурс

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы