«Дипломмен – ауылға» қатысушылары Павлодар облысының дамуына үлес қосуда

«Дипломмен – ауылға» қатысушылары Павлодар облысының дамуына үлес қосуда

Облыста «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша білім алып, елге маман ретінде оралғандармен кездесулер өтуде.

Сондай қауышулардың бірі Аққулы ауданында өтті. Биыл «Дипломмен – ауылға» аясында ауданға 30 маман келді. 

Аудан әкімі Абзал Балғабаев оқу орындарын тәмамдап, мамандық алып туған ауылдарына оралған жастарды қарсы алып, олардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

- Сіздер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында ауданымызға еңбек етуге келіп тұрсыздар, жұмыстарыңыз жемісті болсын, - деді Абзал Балғабаев. – «Ауыл – ел бесігі» демекші, ауыл гүлденбей, ел көркеймейді. Сондықтан, сіздердің еңбектеріңіз ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосады деген ойдамын.


Салтанатты іс-шара барысында жас мамандар өз ойларымен бөлісіп, кешке қатысушылар пікір алмасты. Аудан басшылығы жастардың сауалдарына жауап берді.

Сонымен бірге, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша келіп, ауданның дамуына үлес қосқан мамандар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Направления деятельности