ХАТТАМА Голубовка ауылы жергілікті қоғамдастығы жиналысының
Жиналысты Голубовка ауылының әкімі Савиных Д.Ф. ашты:
Құрметті жиналыс мүшелері! Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын іске асыру мақсатында бүгін Голубовка ауылы тұрғындарының жиналысы өткізілуде.
Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.
Төрағаны сайлау қажет. Кандидатура ұсынуларыңызды сұраймын.
Сенаторова Т.З.: төраға ретінде Сураганов Жұмабай Сапарұлының кандидатурасын ұсынамын.
Тағы ұсыныстар бола ма?
Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.
Кім «қолдайды»? – Бірауыздан.
Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ. Қабылданды.
Голубовка ауылының әкімі: Хаттаманы жүргізу үшін жиналыс хатшысы ретінде Бахриденова Жадра Журсуновнаны сайлауды ұсынамын.
Басқа ұсыныстар бола ма?
Басқа ұсыныстар? Жоқ.
Дауыс беруді сұраймын.
Егер жоқ болса, ұсынылған кандидатураға дауыс беруді ұсынамын.
Кім «қолдайды»? - Бірауыздан.
Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ.
Қабылданды.
Сураганов Жұмабай Сапарұлы мен Бахриденова Жадра Журсуновнадан өз міндеттеріне кірісулерін сұраймын.
Сөз жиналыс төрағасына беріледі.
Жиналыс төрағасы: Сураганов Ж.С.
Құрметті жиналыс қатысушылары!
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджет кодексінің 89-бабы 1-тармағына, Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №45-13-8 шешімімен бекітілген Ертіс ауданы ауылдары мен ауылдық округтері жергілікті қоғамдастығы жиналысының регламентінің 2-тарауы 4-тармағына, сондай-ақ Ертіс аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №48-14-8 «Ертіс ауданы Голубовка ауылы аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілуде.
Жиналыстың күн тәртібінде «Ертіс ауданы ауылдары мен ауылдық округтерінің 2027-2029 жылдарға арналған бюджеті туралы», оның ішінде Голубовка ауылының 2027-2029 жылдарға арналған бюджеті жобасын келісу туралы мәселе қаралады.
2
23 қазан 2026 17:49
30 тамыз 2026