Қайырлы күн құрметті мемлекеттік
қызмет алушылар мен әріптестер!
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6) тармағына сәйкес (2013 жылғы 15 сәуірдегі) Жергілікті атқарушы органдар Екібастұз қаласының Шідерті кенті әкімі аппаратының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы жария талқылау жүргізуге тиіс.
2025 жылы жергілікті атқарушы органда 98 мемлекеттік қызмет, "электрондық үкімет" көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу -28 мемлекеттік қызмет, веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы - 57 мемлекеттік қызмет, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 9 мемлекеттік қызмет, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру -2 мемлекеттік қызмет, Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру -1 мемлекеттік қызмет, жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату -1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Әкімдік ғимаратында стендте екі тілде мемлекеттік қызмет көрсету ережесі орналастырылған.
Кент әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді, оның 1-і қағаз түрінде көрсетіледі:
Қалған 5 Мемлекеттік қызмет электрондық түрде Е-лицензиялау порталы арқылы көрсетіледі - бұл мемлекеттік қызметтер:
2."Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" бұл қызмет 2 кезеңде көрсетіледі. (28 мемлекеттік қызмет).
3."Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", қызмет көрсету мерзімі 13 жұмыс күн," электрондық үкімет " Веб-порталы арқылы көрсетіледі – (2 мемлекеттік қызмет).
5 " Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру "өтініш ХҚКО"электрондық үкімет" Веб-порталы арқылы беріледі.- (1-мемлекеттік қызмет). Бұл мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.
Бірінші кезең: қызмет көрсету мерзімі-28 жұмыс күн. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесін таңдау актісін дайындау болып табылады.
Екінші кезең: қызмет көрсету мерзімі -18 жұмыс күн, нәтижесі-түпкілікті келісілген таңдау актісі.
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал). Қызмет көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні ішінде. (9-мемлекеттік қызмет).
Азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталын танымал ету мақсатында жергілікті атқарушы орган жүйелі негізде түсіндіру іс-шараларын жүргізеді.
2025 жылдың есепті кезеңінде инстаграмда 168 адам қамтылған 35 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. "Kedergisiz QYZMET" жобасы аясында оқыту іс-шаралары өткізіледі. "Электрондық үкімет" веб-порталын және egov mobile, Telegram-Bot қосымшаларын пайдалану дағдыларына 70-ден астам адам оқытылды, сондай - ақ әкімдік ғимаратында "Ашық Шідерті" ашылды, яғни өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы-220 электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімделді, мобильді азаматтар базасында (БМГ) -11 адам тіркелді. ЭЦҚ мерзімін ұзарту бойынша 3 тұрғын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ қолданылу мерзімін ұзартты.
Шідерті кентінде Интернетке қол жетімді 4 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді (кент әкімінің аппаратында, мектепте, балабақшада және "Қазпошта"АҚ).
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы барлық сұрақтар бойынша Сіз Шідерті кенті әкімінің аппаратына жүгіне аласыз.
Назар аударғаныңыз үшін рахмет!