«Мирас» жобасыны
Жалпы ережелер
«Мирас» ұлдар клубының ережесі оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
«Мирас » ұлдар клубы - бұл өзін-өзі жетілдіруге, жеке тұлғаны дамытуға, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға, ұлттық дәстүрлерді зерделеуге бағытталған ортақ мүдделері бар Павлодар қаласы мен Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінің 12-17 жастағы жасөспірім балаларды біріктіру жолы болып табылады.
«Мирас» ер балалар клубы облыстық Ережеге сәйкес әр мектепте құрылады және облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мектептің іс-шаралар жоспары әзірленеді.
Балалар клубының жетекшісі болып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологіы, әлеуметтік педагогы, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері тағайындалуы мүмкін.
Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында білім мен өзін-өзі жетілдіруге құштарлық, беріктік, Отан тарихына Тәуелсіз Қазақстанның бүгін мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелей білген.
Жастайынан өзіне жауапкершілік алып, мінезін тәрбиелеген жігіт ертең кез келген нәзік жандының арманындағы батырға айнала алады. Қоғамда «әйел адамның рөлі зор» деген пікір қалыптасқан. Ал, негізінде, ер адамдар өзінің рөлін, қоғамдағы орнын көп жағдайда жете түсінбейді. Себебі неде? Адамдарға батылдық жетіспейді. Ер адамдар өзінің табиғатына сәйкес батыл болуы керек. Нәзік жандылар сіздің бойыңыздан дәл осы қасиетті көруді қалайды. Сондықтан да ер адамның ролі маңызды және жоғары сатыда тұруы керек.
Қазір қыз балаларға отбасында болсын, қоғамда болсын ерекше назар бөліп көптеген жұмыстар атқарылуда. Ал, ер балалар ше? Сол ер балалардың тәрбиесі, әсіресе ұлттық тәрбиесі қоғамда қалып бара жатыр.
Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу,ұлттық тәрбие беру, ұлттық тәрбие беру арқылы балалардың бойына ұлттық намыс,ұлттық дәстүр, ұлттық сана-сезім қалыптастыру. Ұлттық қол өнеріне дәріптеу.Спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру. Ұлттық тәрбиемен қатар, қазіргі мәденитті де қалыптастыру.
Қатысушылардың жасы 12-ден 17 жасқа дейінгі ер балалар
Клуб өз қызметінде келесі принциптерге сүйенеді:
- әр оқушының жас және жеке басының ерекшеліктерін есепке алу;
- мейірімді психологиялық климат;
- іс-шараларды ұйымдастыруға жеке-белсенді көзқарас;
- жұмысты ұйымдастырудың түрлері мен әдістерінің оңтайлы үйлесімі және олардың қызметін тиімді қолдану;
- адамгершілік, ашықтық, қолжетімділік.
- Клуб өз қызметін тегін ерікті негізде жүзеге асырады.
- Клуб мүшелерінің мүдделерін ескере отырып, Клуб өз қызметінің бағдарламасын өз бетімен әзірлейді.
- Клуб жыл бойы жұмысты ұйымдастырады.
Жобаны өткізу формалары:
- психологиялық тренингтер
- «Сенімен болашақ» ҚБ өкілдерінің шеберлік сабақтары;
- фильмдер мен бейнероликтерді көру және талқылау;
- «Аталар», «Әкелер» клубының мүшелерімен тақырыптық кездесулер және жеке әңгімелесулер;
-спорттық іс-шаралар;
-әр түрлі жарыстарға қатысу;
- әр түрлі мамандық иелерімен кездесулер;
-беделді, белсенді азаматтармен кездесулер;
-еріктілермен белсене араласу;
- медицина орталықтарының мамандарымен кездесулер.
-қол өнер шеберлерімен кездесулер
-кәмелетке толмағандары істері жөніндегі инспектор мамандармен кездесулер.
- ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар атқару.
Күтілетін нәтижелер
Ер балалардың өз денсаулығы мен қоғамдағы мінез-құлқына оң көзқарасы, қарым-қатынас дағдыларын дамыту және өзіне деген сенімділікті нығайту, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, жеке өсу, шығармашылық әлеуметтік, ұлттық тәрбие алу арқылы болашаққа деген сенімділігін нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеуге қызығушылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, халық тарихына деген сүйіспеншілікті ояту.