Проект «Қамқор»

Жалпы ережелер

Бұл ереже «Қамқор» облыстық жобасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді. Жоба экологиялық білім мен дағдыларды қалыптастыру, отансүйгіштікке, олардың жеріне, ауылына, қаласына, өңіріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақ пен Павлодар облысының тұрғындарының арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. 

Облыстық «Қамқор» жобасы экологиялық білім, патриоттық рух пен өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Жоба міндеттері:

- Экологиялық білім мен туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауды дамыту;

- Балалардың шығармашылық әлеуетін және іздестіру-зерттеу қасиеттерін дамыту;

- Өзекті экологиялық мәселелерді шешу үшін бағытталған әлеуметтік қызметті ынталандыру.

Жобаға қатысушылар

Жобаға мектеп оқушылары қатыса алады:

Павлодар облысының 6 жастан 18 жасқа дейінгі білім беру ұйымдарының (мектептер, интернат-үйлер, балалар үйлері, РЦПД, қосымша білім беру ұйымдары) тәрбиеленушілері мен оқушылары.

Қатысу жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін.

Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстар қабылданбайды.

Жобаны өткізу уақыты мен орны

Жоба 2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 14 мамырға дейін қашықтықтан форматта өтеді.

Қатысу үшін әр акцияның ережелерінде көрсетілген сілтеме бойынша Google нысанын пайдаланып өтінімді толтыру қажет (мектептен 1 жалпы өтінім).

Өтінімдерді қабылдау нақты акцияны өткізу қағидаларында көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.

14.05.2025ж. жобаның қорытындысы Оқушылар сарайының сайтында http://www.dshk.kz/ орналастырылады.

Жобаны ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті облыстық жобаны ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету үшін құрылады.

Жобаны ұйымдастыру комитеті:

Сарапшылар тобын анықтайды;

Өткізудің мерзімін және шарттарын анықтайды.

Жобаны қорытындылау

2025 жылғы 13 мамырда Оқушылар сарайында қашықтық облыстық кезеңі өтеді. 19.05.2025ж. жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» облыстық акциясы

Өту мерзімі: 30 қыркүйек 2024 – 14 мамыр 2025ж.

Қатысушылар: Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 6 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар.

Акция мақсаты: Аумақты тазартуға баулу арқылы экологиялық мәдениет деңгейін арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.            

Міндеттері:

- Оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттыру;

- Оқушыларда аумақты қоқыстардан, жапырақтардан, құрғақ бұтақтардан және басқа да қалдықтардан тазартудың практикалық дағдыларын дамыту;

- Акцияға қатысу арқылы экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Қатысу туралы өтінім https://forms.gle/K4sQkSoCjLPJ6hd97 Google нысаны сервисі арқылы қабылданады. Мектептен 1 жалпы өтінім.

Акцияны өткізу ережелері:

Оқу жылы ішінде (30.09.2024-25.04.2025) мектеп оқушылары акцияға қатысады.

Мектеп әкімшілігі аумақты қоқыстардан, жапырақтардан, құрғақ бұтақтардан және басқа да қалдықтардан тазарту іс-шараларды ұйымдастырады, тазалау кестесін (жасайды жыл бойы айлар бойынша тазалау үшін сыныптарды бекітеді).

Акцияның өтетін орнын анықтау. Тазалауды қажет ететін табиғи аумақты таңдаңыз (саябақ, сквер, ескерткіш, мектеп жанындағы аумақ, мектепке жақын қоғамдық орындар).

Акцияны өткізу туралы хабарлау. Аумақты қоқыспен тазалаудың маңыздылығы туралы ақпараттық сынып сағатты өткізу, экология бойынша бейнероликтерді көрсету.

Жыл бойы айлар бойынша тазалау үшін сыныптарды бекіту. Сынып команданың атын таңдайды.

Тазалау басталғанға дейін таңдалған аумақты суретке түсіру.

Қоқысты жинау және оны санкцияланған полигонға (свалкаға) немесе арнайы белгіленген орындарға апару.

Жиналған қоқыс пен аумақты тазалағаннан кейін суретке түсіру.

Айналасындағыларды эко-ағарту мақсатында акцияның өткізілуін сипаттайтын фотосуреттерді сыныптың немесе мектептің Instagram парақшасында #ҚамқорPvl, #Табиғат хэштегімен жариялау қажет. Жарияланымның сипаттамасында мектептің атауы, сыныбы, акцияның атауы, қатысушылар саны, акция өтетін орны көрсетілуі қажет.

4-7 мамыр аралығында мектеп әкімшілігі конкурстың мектеп кезеңін ұйымдастырады. Байқау комиссиясы #ҚамқорPvl, #Табиғат хэштегімен Instagram-дағы жарияланымдар бойынша аумақты тазалауға сыныптардың қатысуын бағалайды.

Бағалаудың негізгі критерийлері: сыныптан қатысушылардың саны, жұмыс көлемі мен сапасы, фотоматериалдардың мазмұны.

Конкурстың мектеп кезеңінің нәтижелері бойынша 2025 жылғы 7 мамырдан кешіктірмей кестені (1-қосымша) толтырып, Microsoft Word форматында eco-boompavlodar@mail.ru. электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.

«Жер сағаты» облыстық акциясы

Өту мерзімі: 2025 жылғы 29 наурыз. Уақыт: 20:30-дан 21: 30-ға дейін.

Қатысушылар: Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 6 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар.

Акция мақсаты: Оқушылардың назарын энергияны үнемдеу және күнделікті өмірде экологиялық таза тәжірибелерді енгізу қажеттілігіне аудару. Энергия тұтынуды азайтуға және ресурстарға ұқыпты қарауға бағытталған жаһандық проблемаларды шешуді қолдау бастамасын дамыту.

Міндеттері:

- Энергияны үнемдеу әдістері туралы білімді қалыптастыру;

- Күнделікті өмірде электр энергиясын үнемдеу дағдыларын дамыту;

- Планетаны қорғаудағы бірлескен күш-жігер арқылы қатысушылар арасында бірлік сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Қатысу туралы өтінім https://forms.gle/TSPAJ7DydJ95hzZ26 Google нысаны сервисі арқылы қабылданады. Мектептен 1 жалпы өтінім.

«Жер сағаты» акциясы — бұл дүниежүзілік жабайы табиғат қоры ұйымдастырған, климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы хабардарлықты арттыру үшін бағытталған жыл сайынғы жаппай дүниежүзілік науқан. Акцияның негізгі элементі-жарық пен басқа электр құрылғыларын бір сағатқа өшіру.

Акцияны өткізу ережелері:  

Акция наурыз айының соңғы сенбі күні (2025 жылдың 29 наурызы), кешке жергілікті уақыт бойынша 20:30-дан 21:30-ға дейін, бүкіл әлем бойынша қатысушылар үйлері мен жұмыс орындарындағы шамдар мен электр құрылғыларын өшірген кезде өтеді.

Акцияға қатысу жеке және ұжымдық (сыныптар, мектептер) болуы мүмкін. Барлық қатысушылар белгіленген уақытта шамдар мен электр құрылғыларын өшіруге міндеттенеді.

Акцияға қатысушылар бірнеше күн бұрын (29 наурызға дейін) әлеуметтік желілер арқылы белсенділік пен хабардарлықты арттыру мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігі туралы сыныптан 1 постерді міндетті түрде шығара отырып, іс-шара туралы ақпаратты белсенді түрде таратуы қажет.

Нәтижелерді жариялау. Instagram қосымшасының жеке беттерінде де, мектептің Instagram парақшасында да #ҚамқорPvl, #Час Земли хэштегімен қатысушылар әлеуметтік желілерде өз әсерлерімен, нәтижелерімен және фото есептерімен бөлісулері қажет.

Жарияланымның сипаттамасында мектептің атауын, сыныбын, акцияның атауын, қатысушылардың санын, қысқаша сипаттамасын көрсету қажет.

2025 жылғы 1-4 сәуір аралығында мектеп әкімшілігі конкурстың мектеп кезеңін ұйымдастырады. Байқау комиссиясы #ҚамқорPvl, #Час Земли хэштегімен Instagram-дағы жарияланымдар (публикация) бойынша оқушылардың ұжымдық немесе жеке қатысуын бағалайды. Бағалаудың негізгі критерийлері: уақытты электр қуатынсыз өткізудің тиімділігі мен орындылығы (пайдалы), отбасы мүшелерінің қатысуы, эмоционалдылық, фотоматериалдардың мазмұны.

Мектеп кезеңінің нәтижелері бойынша кестені (1-қосымша) толтырып, Microsoft Word форматында eco-boompavlodar@mail.ru электрондық пошта мекенжайына 2025 жылғы 7 сәуірден кешіктірмей жіберу қажет.

Қосымша іс-шараларды ұйымдастыру. Мектептің қалауы бойынша, акцияның әсерін күшейту және мақсаттарына жету үшін «Жер сағаты» аясында білім беру дәрістері, көрмелер және экологиялық акциялар сияқты қосымша іс-шаралар өткізе алады.

«Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі

Павлодар облысының білім беру ұйымдарының түлектері арасында экочеллендж ұйымдастыру. Мектеп аулаларында немесе көше бойында бір мезгілде ағаш отырғызу.

Өту мерзімі: 2025 жылғы 22 сәуір.

Қатысушылар: Павлодар облысының білім беру ұйымдарының түлектері

(9 және 11 сыныптар).

Мақсаты: Оқушылар мен педагогикалық ұжымның бірлескен көгалдандыру жұмыстары арқылы тұлғаның еңбек, рухани-адамгершілік дамуы негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

- Планетаны көгалдандырудың маңыздылығы туралы экологиялық білімді қалыптастыру;

- Ағаш отырғызу бойынша практикалық дағдыларды дамыту;

- Оқушыларды экологиялық саналы мінез-құлыққа шақыру.

Экочелленджіні өткізу ережелері:

Ағаштарды таңдау. Аймақтың климаттық және топырақ жағдайына байланысты отырғызылатын ағаш түрлерін анықтаңыз.

Учаскесін дайындау. Ағаш отырғызу үшін учаске дайындаңыз (аумақты тазарту, топырақты дайындау) және қажетті құралдар мен материалдардың (күректер, көшеттер, су) болуын қамтамасыз етіңіз.

Отырғызу барысы. Барлық қатысушылар ағаш отырғызудың дұрыс техникасын ұстанатынына көз жеткізіңіз. Ол үшін алдын-ала оқыту шараларын, әңгімелесулерді өткізуге немесе нұсқаулар беруге болады.

Есеп беру. Іс-шара аяқталғаннан кейін 25 сәуірден кешіктірмей сілтеме бойынша Google нысанын пайдаланып жиынтық-есепті толтыру қажет https://forms.gle/NVP4AAwSdsZavDvi6 Мектептен 1 жалпы есеп.

Сондай-ақ отырғызылған ағаштарға ұзақ мерзімді күтім жасау маңызды.

Қауіпсіздік. Челлендж өткізу кезінде барлық қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету (қорғаныс киімдерін, қолғап, құрал-саймандарды және басқаларды пайдалану).

Экологиялық ағарту және нәтижелерді жариялау.

Атқарылған жұмыстардың қысқаша сипаттамасымен өз әсерлерімен, нәтижелерімен және фото есептерімен бөлісу үшін әлеуметтік желілер арқылы іс-шара туралы ақпаратты белсенді түрде таратуы қажет. Айналасындағыларды эко-ағарту мақсатында экочелленджіні өткізілуін сипаттайтын фотосуреттерді сыныптың немесе мектептің Instagram парақшасында #ҚамқорPvl, #Экочеллендж хэштегімен жариялау қажет. Жарияланымның сипаттамасында мектептің атауы, сыныбы, челленджінің атауы, қатысушылар саны, өтетін орны, ағаштардың саны мен түрлері (атаулары) көрсетілуі қажет.

Отырғызылған ағаштарды үнемі қадағалап отыру ұсынылады (кептірілген ағаштарды ауыстыру, желден байлау, қыста жабу).          

Ағаш отырғызу бойынша ұсыныстар

Сәуірде ауа-райы мен жауын-шашын көшетке қажетті топырақ ылғалымен және жайлылығымен қамтамасыз етеді. Ағаштың тамыры топырақ температурасында +4 °С-тан төмен емес өседі. Ағаштарды ғимараттардан 5 метр, жер астындағы коммуникациялардан 2 метр және жолдың шетінен 10 метрден алыс отырғызыды.

Көгалдандыру үшін келесідей сұрыпталым ағаштар мен бұталар ұсынылады:

20 м-ден астам биіктігі бар ағаштар – үлкен және ұсақ жапырақты жөкелер, үшкір жапырақты үйеңкі, кәдімгі шаған, кәдімгі шегіршін, сүйелді қайың, қызыл емен, атбасталшын, сібір балқарағайы, кәдімгі және тікенекті шырша;

биіктігі 10-20 м - ақтал, батыс бозаршасы;

бұталары 5-8 м жоғары – венгр, будандалған және кәдімгі мамыргүл, егілді және венгер, гинела үйеңкісі, шегіршін бұтасы;

биіктігі 2,5 м-ге дейін - чубушник, калинажапырақты тобылғы, сары қараған;

биіктігі 1-2 м – сібір аршасы , құмды шие, қара қарақат, алма, алмұрт.

Кез келген мекеменің территориясын көгалдандыру кезінде қылқан жапырақты ағаштар мен бұталарды пайдалану керек, өйткені олардың жасыл түсі қыста ауланы ерекше безендіреді.

Улы өсімдіктерді, жұлыны бар, тікенектері бар, жеуге жарамсыз жемістерді  пайдаланудан толық бас тарту керек.

Келесі өсімдіктер болмауы керек: тамырларында, сабақтарында, жапырақтарында, гүлдерінде және жемістердің құрамында улы заттар; ауаға үлкен көлемде фитонцит, эфир майларын шығаратын, улану мен түрлі ағзалардың зақымдануы; аллергиялық ауруларға себеп болуы мүмкін.

Сарапшылар қысқа төзімді емес жеміс ағаштары мен бұталардың сорттарын көктемде отырғызуға кеңес береді.

Оңтүстік климаттық аймақтардан әкелінген көшеттерді солтүстік аудандарда отырғызу қателік болады, - олар Павлодар облысының ерекше аяздан аман қалмайды.

Жобаның қорытындысын шығару

Әр акция бойынша (экочелленджіден басқа) мектеп әкімшілігі мектеп кезеңін өткізеді.

Мектеп кезеңінің нәтижелерін (1-қосымша) eco-boompavlodar@mail.ru электрондық пошта мекенжайына 07.05.2025ж. кешіктірмей жіберу қажет. Жобаның облыстық кезеңі 13.05.2025ж. қашықтықтан форматта өтеді. Жобаның қорытындысы Оқушылар сарайының сайтында орналастырылады: http://www.dshk.kz/ 14.05.2025ж. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Облыстық "Қамқор" жобасының жеңімпаздарын марапаттау 19.05.2024ж. М. М. Катаев ат. Оқушылар сарайында өтеді. Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне, экскурсияға және облыстық Оқушылар сарайының планетарийіне баруға шақырылады.

#ҚамқорPvl хэштегін жариялау сипаттамасының астында дұрыс көрсету маңызды. Осы хэштег арқылы біз сіздің жұмысыңызды көре аламыз (жіберіп алмаймыз).

Қосымша 1

«Қамқор» облыстық жобасы

Мектеп кезеңінің нәтижелері

Акция атауы______________

№

Қала немесе аудан

Мектеп (толық атауы)

Қатысқан оқушылар саны

1 орын алған жеңімпаздың аты-жөні (немесе команданың атауы),  жасы мен оқу сыныбы

Акцияны өткізуге жауапты мұғалімнің ТАӘ және телефон нөмірі

#ҚамқорPvl хэштегімен Instagram қосымшасында жариялану ссылкасы (көк түсті болуы керек)

1

       

 

 

Әр акция бойынша кестені бөлек толтыру қажет.

Эко челлендж бойынша тек Google нысаны толтырылады 6

«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» облыстық акциясы бойынша мектеп кезеңінің нәтижелерін кестеге толтырып 2025 жылғы 7 мамырдан кешіктірмей  Microsoft Word форматында eco-boompavlodar@mail.ru. электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет.

 «Жер сағаты» облыстық акциясы бойынша мектеп кезеңінің нәтижелерін кестеге толтырып Microsoft Word форматында eco-boompavlodar@mail.ru электрондық пошта мекенжайына 2025 жылғы 7 сәуірден кешіктірмей жіберу қажет.

Экочеллендж бойынша есеп беру. Іс-шара аяқталғаннан кейін 25 сәуірден кешіктірмей сілтеме бойынша Google нысанын пайдаланып жиынтық-есепті толтыру қажет  https://forms.gle/NVP4AAwSdsZavDvi6