«Менің Туым» жобасыны

1.Жалпы ережелер
Жоба жас ұрпақтың бойында патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік арқылы қоғамдық сананы қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Негізгі ереже «Менің Туым» облыстық жобасын өткізудің мақсаты, міндеттері және тәртібін белгілейді. (әрі қарай жоба).

2.Жобаның мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:
Аталмыш жоба азаматтардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау, халқымыздың дәстүрлері мен еліміздің өткен тарих мұраларымызды құрметтеу, жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, патриоттық рухты күшейту мақсатында өткізіледі.
Міндеттері:
Балалар мен жастарды азаматтық-патриоттық бағыттағы әлеуметтік маңызды іс-шараларға тарту. Облыс тұрғындары арасында моральдық-рухани қағидаларды сақтау және дамыту. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге аса құрметпен намыспен қарау.

3. Жобаға қатысушылар
Жобаға жалпы орта, қосымша, интернат ұйымдарының оқушылары, студенттер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, ұстаздар мен ата-аналар қатысады.

4. Жобаны өткізу мерзімі мен тәртібі

Жоба 4 кезең бойынша өткізіледі.

1 кезең:
1. Салтанатты іс-шара өткізілетін жерде мектеп алаңдарында жалаушалар орнату.
2. Білім беру мекемелерінде жобаның ақпараттық қамтамассыз етуі. Жобаны жүзеге асыру туралы оқушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға ақпарат тарату. Салтанатты іс-шараларда жалаушаларды қолдану үшін Мектептің әр оқушысына кәдесыйлық жалаушыларды сатып алу.(ұрандарды айту үшін)
3. Білім күніне арналған салтанатты мерекеде туды көтеру. Туды көтеру құрметіне ие болған оқушы мектеп басшылығының немесе өзін-өзі басқару органының шешімімен анықталады. Бұл жағдайда туды көтеру және түсіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 29.06.2018 ж. Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Есептерді 2024 жылғы 10 қыркүйекке дейін тапсыру

2 кезең
Жалпы білім беру ұйымдарының, интернаттық мекемелердің оқушылары жергілікті жерлерде мектеп, аудандық/қалалық іріктеу турларын өткізеді. Үздік бір команда облыстық "Менің Туым" жобасы аясында "Ел тарихы - ту тарихы" зияткерлік байқауына қатысады. Конкурсты өткізу мерзімі 2024 жылғы 23 қазан күні. Қаладан / ауданнан конкурстың облыстық кезеңіне 10 оқушыға дейін құрама команданы жіберу қажет. Облыстық байқауға қатысушылар зияткерлік викторинаға қатысу үшін команданың ұраны мен атауын дайындауы керек. "Ел тарихы-ту тарихы" облыстық байқауының қорытындысы бойынша қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Өткізілген мектеп, аудандық және қалалық викториналық турлар бойынша есептерді 2024 жылғы 27 қазанға дейін тапсыру қажет.

3 кезең
2025 жылғы 4 маусымда жалпы білім беру мекемелерінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған патриоттық әндерді орындау. Есептерді 2025 жылғы 6 маусымға дейін тапсыру.
Ұлттық аза тұту туралы студенттер мен оқушыларға хабар беру. Ұлттық аза тұту кезеңінде Ұлттық туы жартысынан төмен түседі.
Жобаның іске асыру бойынша қортынды фото және бейнематериалдарды жобаның үйлестірушісі Оразбаева Айжан Жұмагұлқызына mtuym@inbox.ru. электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Бейнесеп жіберген кезде тұрғылықты мекенің атауы (қала/аудан), оқу орындары, сынып-тобы, қатысушылардың саны.

5. Жобаны өткізуде күтілетін нәтижелер:
5.1. Облыстың тұрғындарының белсенді қатысуы.
5.2. Павлодарлық тұрғындардың мемлекетіміздің рәміздері Ту, Герб, Әнұран, Атазаң туралы ақпараттарының жоғары болуы.
5.3. Облыстық және мектептің сайтына ақпарат жіберу.
5.4. BKонтакте, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде жариялау.