

2025 жылы Павлодар облысының оқушылары халықаралық, республикалық олимпиадаларда және түрлі зияткерлік іс-шараларда барлығы 329 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 50-і – халықаралық, 279-ы – республикалық деңгейдегі медальдар.
Павлодар облысының олимпиадалық құрамасы 20 жылдан астам уақыт бойы республикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының үздік олимпиадалық командасы» атағын иеленіп келеді. Бұл – өңіріміздің үлкен мақтанышы.
Оқу жылының республикалық олимпиадасы қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы 42 жүлделі орынға ие болды: 9 алтын, 14 күміс және 19 қола медаль.
Жыл сайын облыс оқушылары Президенттік олимпиадада жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Президенттік олимпиада – еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге бағытталған бірегей жоба. 2025 жылы Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар 5 жүлделі орынға ие болды: І орын – 2 оқушы, ІІ орын – 2 оқушы, ІІІ орын – 1 оқушы.
Ауыл мектептеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтау және дамыту мақсатында облыс құрамасы үшінші жыл қатарынан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ауыл олимпиадасына қатысты. 2025 жылғы республикалық ауыл олимпиадасының қорытындысы бойынша 14 медаль жеңіп алынды: 2 алтын, 1 күміс және 11 қола медаль.
Халықаралық олимпиадалар қорытындысы бойынша оқушыларымыз беделді білім додаларында 50 медаль иеленді. Атап айтқанда, биология пәні бойынша халықаралық олимпиада (IBO), Менделеев атындыға химия пәнінен халықаралық олимпиада, «Жібек жолы», Азия және Тынық мұхит халықаралық олимпиадаларында, содай-ақ қыз балаларға арналған Европалық математикалық олимпиада сынды беделді халықаралық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетті.
Маңызды жетістіктердің бірі – Филиппиннің Кесон-Сити қаласында өткен International Biology Olympiad олимпиадасында «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Қайыркен Ерсұлтанның қола медаль иеленуі. Осы жетістігінің арқасында Ерсұлтан Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Токаевпен кездесу мүмкіндігіне ие болды.
2025 жылғы 11 тамызда Ақорда резиденциясында Мемлекет басшысы халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері – оқушылармен кездесу өткізіп, оларға сәйкесінше 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ақшалай сыйақы сертификаттарын табыстады.