

Жүйе, контингент
Павлодар облысының ТжКБ жүйесінде 109 мамандық және 189 біліктілік бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 42 колледж жұмыс жасайды (28 Мемлекеттік, 25-і білім беру басқармасына қарасты, оның ішінде біреуі жабық мекемеде орналасқан, 2 денсаулық сақтау, 1 дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағында және 14 жеке меншік).
42 колледждің 34-і қалаларда, 8-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Қазіргі уақытта колледждерде барлығы 23208 студент оқиды. Оның ішінде 18867 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша, 4341 адам ақылы негізде білім алуда. Кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кейіннен міндетті жұмысқа орналасумен 2524 студент оқиды.
Бүгінгі таңда 65-тен астам кәсіпорын өңірлік колледждерге қамқоршылық жасайды.
Жалпы алғанда, қазіргі уақытта тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру үшін 38 колледжде 7221 студент пен 36 мамандық бойынша 619 кәсіпорынды қамтитын дуальды оқыту енгізілді. Өңірде дуалды оқыту қорытындысы бойынша түлектердің 80%-дан астамы жұмысқа орналасады, бұл бизнеспен серіктестіктің тиімділігін дәлелдейді.
2025 жылы Павлодар облысының 4 колледжі (Ж. Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі, Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі, Ақпараттық технологиялар колледжі, Ақсу қара металлургия колледжі) халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтті.
Павлодар облысы колледждерінде «Жаңа кәсіптер мен құзыреттердің өңірлік атласы» жобасы іске асырады. Біздің өңір үшін 40 өзекті жаңа кәсіп пен құзырет құрылды.
ERG меморандумы аясында 2022 жылы «ERG колледждер үшін» жобасы іске қосылды.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Жас Маман жобасы аясында 10 колледж базасында 11 құзіреттілік орталығы құралды.
«Евразиялық топ» ЖШС-мен ынтымақтастықтың 3 жылы ішінде облыс колледждері 574 млн. теңге сомасына заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Жалпы 2025 жылы өңір колледждерінің материалдық базасын нығайтуға 120 млн. теңге бөлінді.
«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-мен 2025 жылы 400 млн теңге көлеміндегі 2 колледжге қаражат бөлінді (Павлодар химия-механикалық колледжі, Экібастұз политехникалық колледжі).
Жатақхана
Тегін кәсіптік білім берудің қолжетімділігінің маңызды факторларының бірі студенттердің тұру жағдайларымен, оның ішінде жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілуі болып табылады.
Облыста 28 колледж жанынан 31 жатақхана жұмыс істейді (Павлодар қаласында – 18, Ақсу қаласында – 1, Екібастұз қаласында – 2, ауылдық колледждерде – 10).
2024 жылы Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі 200 орындық және Павлодар жоғары медициналық колледжі 189 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді.
Жатақханалардағы орындарға қажеттілік жоқ.
Кадрлар
Педагогтердің жалпы саны 2069 адамды құрайды, оның 1541-і мемлекеттік, ал 528-і жекеменшік колледждерде жұмыс істейді (арнайы пәндер оқытушылары – 1022, өндірістік оқыту шеберлері – 162, қалған педагог қызметкерлер – 885).
ТжКБ педагогтерінің білім деңгейі бойынша: жоғары білімі бар – 1557 педагог (75,2%); техникалық және кәсіптік білімі бар – 54 педагог (2,6%), жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар – 458 педагог (22,1%).
Қолданыстағы аттестаттау жүйесі бойынша педагогтердің жалпы санының 57,8%-ы біліктілік санатына ие: педагог-шебер – 6 (0,3%), педагог-зерттеуші – 211 (10,2%), педагог-сарапшы – 339 (16,4%), педагог-модератор – 640 (30,9%), педагог – 780 (37,7%). 70 педагог (3,4%) педагог-тағылымдамашы мәртебесіне ие. Ескі біліктілік санаттары бар педагогтардың саны (жоғары, бірінші және екінші) – 23, бұл педагог кадрлардың жалпы санының 1,1%-н құрайды.
«Қосымша кіру» қағидаты бойынша облыс колледждерінде арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері ретінде 179 өндіріс мамандары жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылы 42 адам оның ішінде кейіннен біліктілік санатын және қосымша ақысын бере отырып 33 педагог қабылданды.
2025 жылы барлығы 430 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2025 жылдың 3-9 желтоқсанында Астана қаласында Worldskills Kazakhstan 2025 X Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Павлодар облысы конкурс нәтижесі бойынша екінші орынға ие болды (жалпыкомандалық есеп бойынша 6 алтын, 3 күміс, 5 қола және 13 медальон).
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде бірқатар проблемалық мәселелер сақталуда.
Атап айтқанда, 8 аграрлық колледжде 1989 студент оқиды, бұл жалпы контингенттің 8,5%-ын құрайды.
Сондай-ақ, колледждердің материалдық-техникалық базасын жабдықтау және жаңарту бойынша жұмысты жандандыру қажет.