Облыстың түрлі конфессиялары өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында діни бірлестіктер басшылары клубының қызметі аясында облыстың түрлі конфессиялары өкілдерінің қатысуымен «Конфессияаралық келісім – Қазақстандағы тұрақтылықтың маңызды факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Диалог спикері ретінде Облыстың дін істері басқармасының басшысы Д. Зәкәриянов сөз сөйледі.
Пікірталас барысында қатысушылар өңірдің де, тұтастай алғанда елдің де орнықты дамуының негізгі шарттарының бірі әртүрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі болып табылатыны және Қазақстанның бұл бірегей тәжірибесі бүкіл әлемде белсенді зерттеліп жатқаны туралы бірауыздан пікір білдірді.
«Дөңгелек үстел» жұмысы барысында Д. Зәкәриянов пен «КҚТДО» ЖШС директоры Г. Раздықова діни бірлестіктердің басшыларына рухани дәстүрлерді сақтауға, облыстың дін саласындағы конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етілді.
Соңында, басқарма басшысы Д. Зәкәрияновтың еңбек сіңірген демалысына кетуіне байланысты діни қауымдастықтардың өкілдері мемлекеттік органдардың облыс конфессияларымен өзара қарым-қатынасын дамытуға қосқан көп жылғы ынтымақтастығы мен жеке үлесі үшін өз ризашылықтарын білдірді.