Облыстық цифрландыру басқармасының бөлім басшысы «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты.

Облыстық цифрландыру басқармасының бөлім басшысы «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты.
"ANTIKOR.LIVE" жобасы аясында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының деректерді басқару бөлімінің басшысы Мейрам Сабина онлайн режимінде "Цифрлық технологиялар саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында сөз сөйледі.
Тікелей эфир барысында тыңдаушыларға басқарманың қызметі жайлы толық айтып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау бойынша тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілетінін, сондай-ақ Цифрлық технологиялар саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді ақпараттандыру және түсіндіру жөніндегі іс-шаралар, басқарма қызметкерлері мен ведомствоға бағынысты «SmartErtis» ЖШС қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша ай сайын құқықтық жаппай оқыту жүргізілетінін хабарлады.