Павлодар облысының Цифрлық технологиялар басқармасының деректерді басқару бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды.

Павлодар облысының Цифрлық технологиялар басқармасының деректерді басқару бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды.
Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының деректерді басқару бөлімінің басшысы лауазымына Мейрам Сабина Дәулетбекқызы тағайындалды.
Мейрам Сабина 1994 жылы 4 тамызда дүниеге келген. 2016 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Агрономия" мамандығы бойынша, 2019 жылы "Экономика"мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2016 жылғы сәуірде "Павлодар ауданы әкімінің аппараты" ММ-де бастады, 2017 жылдан 2020 жылға дейін мемлекеттік мекемеде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының деректерді басқару бөлімінің бас маманы лауазымына қабылданды.
"Жоба жетекшісі" бағыты бойынша жобалық басқарудың сертификатталған маманы. «Ukimet Smart Data» порталының жұмысы және үлкен деректерді талдау бойынша оқудан өтті, Павлодар облысы бойынша дата-стюардпен бекітілді. 2021 жылдың маусымынан бастап Павлодар облысы әкімдігінің ахуалдық-талдау орталығына іссапарға жіберілді.
2022 жылғы 28 сәуірден бастап Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының деректерді басқару бөлімінің басшысы болып тағайындалды.