Облыстың цифрлық технологиялар басқармасының қызметкерлері бір күндік тағылымдамадан өтті

Облыстың цифрлық технологиялар басқармасының қызметкерлері бір күндік тағылымдамадан өтті
Жыл басынан бері Павлодар облысы әкімдігінің бірыңғай персоналды басқару қызметі мемлекеттік қызметшілермен тәжірибелік тағылымдамалар мен экскурсияларды белсенді түрде жүргізуде. Қазіргі таңда, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейіне көбірек талаптар қойылғандықтан, шараның негізгі мақсаты - тәжірибелік білім алу және оларды жұмыс кезінде қолдану болып табылды.
Облыстың цифрландыру басқармасының жас мамандары негізгі жұмысымен қатар, «Профиль бойынша 1 күн» атты бір күндік тағылымдамадан өтті. Трансформация бөлімінің бас маманы, Сәкен Қабылқаев Басқармаға бағынысты "Smart Ertis" ЖШС ведомстволық мекемесінде тағылымдамадан өтті. Маман жалпы ЖШС жұмысымен танысты, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобаларды зерттеді. Бұл тағылымдама маманға теориялық білімді бекітуге, сондай-ақ жетекшілік ететін саланы кешенді түсінуді және оны жақсартуға мол мүмкіндік берді.
Келесі маман, мемлекеттік қызметтерді дамыту және мониторинг бөлімінің бас маманы, Диана Қамбарова "OPEN AKIMAT" офисінде бір күндік тағылымдамадан өтті. Ол қаланың қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты, соның аясында тұрғындар мен қонақтар Бірыңғай терезе қағидаты бойынша кеңес алып, қаланың тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша өтініштер бере алатын ортада болып қайтты.
Тағылымдама соңында жас мемлекеттік қызметшілермен әңгімелесу және әрбір локация бойынша экскурсия жүргізілді, алынған дағдылар аталған мамандардың өсуі мен дамуы үшін берік негіз қалап, сондай-ақ өздерінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде қабылдайтын шешімдердің сапасына зор үлесін тигізетіндігіне сенімдіміз.