Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы «Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 235/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

         Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік  органдар  мен олардың  құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі «Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 110/1 келесі өзгеріс енгізілсін:

         Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде 9- тармақ жаңа редакцияда жазылсын

         «9. «Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы Генерал Дүйсенов көшесі, 9-құрылыс 1-ші тұрғын емес үй-жайда».

  1. «Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.К. Жамбайбекке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

         Облыс әкімі                                                                       А. Байханов



Дата публикации
13 января 2026