Қала мектептеріндегі түлектерге арналған салтанатты іс-шаралары

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігінің ұсынымына сәйкес 21-22 маусым аралығында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 11 сыныпты бітірген түлектерге аттестаттар тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар өткізіледі.
1463 түлектер үшін қаланың 35 жалпы білім беретін мектептерінде түлектерді құрметтеу шарасы өтеді.
11-сынып түлектерінің қатарында 29 «Алтын Белгі» үздік аттестат және 55 үздік аттестат иегерлері бар.
Мерекелік іс-шараларға педагогикалық еңбек ардагерлері, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, құрметті азаматтар, БАҚ өкілдері қатысады.