Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Инклюзивтік білім беру

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексімен, 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» №345  Заңымен, 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Заңымен, сондай-ақ 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы» №185 қаулысымен реттеледі.

Қорғаншылық және қамқоршылық секторының қызметі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын, соның ішінде тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 118-1-бабына сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы толық мәліметтер енгізілетін Республикалық деректер банкі (бұдан әрі – РДБ) қорғаншылық және қамқоршылық органдары арқылы қалыптастырылады. Мұнда баланың жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, мінез-құлқының ерекшеліктері, ата-анасының қамқорлығынан айырылу себептері, бауырлары мен әпке-қарындастарының, кәмелетке толған туыстарының болуы, отбасында тәрбиелеудің мүмкін түрлері және баланың фотосуреті туралы мәліметтер қамтылады.

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша РДБ-де 419 кәмелетке толмаған бала тіркелген, олардың 405-і қамқоршы отбасында, 9 бала патронаттық тәрбиеде, 5 бала асырап алған отбасында тұрады. Оның ішінде 150-і – жетім балалар, 269-ы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Қаланың мектептерінде 303 бала білім алуда.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды құқықтарын қорғаудың негізгі мақсаты – бала үшін отбасының сақталуын қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы 87 бала анықталып, алғашқы есепке қойылды, олардың 27-сі отбасына орналастырылды, 60-ы мемлекеттік мекемеге орналастырылды.

Анықтама үшін:

2024 жылы 107 бала анықталып, алғашқы есепке алынған, оның ішінде 45 бала асырап алған отбасына, 62 бала мемлекеттік мекемеге орналастырылған.

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға арналған жәрдемақы төлеу қағидаларына» сәйкес, 419 кәмелетке толмаған балаға 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Павлодар қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес, бұл санаттағы балалар қоғамдық көлікте тегін жүру құқығына ие. Мектептерде олар «Жалпыға міндетті оқу» қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, киім-кешек сатып алуға 53 663 теңге көлемінде қаражат бөлінеді.

Білім беру бөлімі кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйдің сақталуына ерекше назар аударады, ал баспанасы жоқ балалардың тұрғын үй алу үшін есепке уақытылы қойылуы қадағаланады.

2025 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша Павлодар қаласында тұрғын үй алу кезегінде 377 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұр. 11 бала Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан, тұрғын үй кезегіне қойылмаған, 7 баланың өз меншігіндегі тұрғын үйі бар, 24 бала кезекке қойылмаған, себебі 2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою процесі цифрлық портал – orken.otbasybank.kz арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа жүйеге (бұрынғы – kezekte.kz) көшу барысында өтініш берген қамқоршыларға кей жағдайларда заңсыз бас тартулар болған. «Қазіргі уақытта Отбасы банкі «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» платформасында қосымша функциалар әзірлеуде, ол жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне қолмен енгізуге мүмкіндік береді. Банк мәліметтері бойынша, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» платформасындағы тиісті толықтырулар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталуы жоспарлануда.

Павлодар қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен:

  1. 10 баланың тұрғын үйі жеке меншігінде, оның ішінде 3 бала мұрагерлік құқық алғанға дейін кезекте тұр;
  2. 40 баланың тұрғын үйі ортақ немесе үлестік меншікте бекітілген.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторы олардың тұрғын үйінің сақталуын тұрақты бақылауда ұстайды. Балаларға тиесілі пәтерлерге мәмілелер жасауға тыйым салатын қорғау хаттары рәсімделген. Жылына кемінде екі рет тұрғын үйдің тұрмыстық жағдайына тексеру актілері жасалады. Қамқоршылар тұрғын үй меншігін басқару, тұрғын үйдің жай-күйі және коммуналдық қызметтерді уақтылы төлеу туралы есептерді секторға ұсынады.

«Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпаратына сәйкес, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алғандар:

  • 2017 жылы – 33 адам;
  • 2018 жылы – 15 адам;
  • 2019 жылы – 7 адам;
  • 2020 жылы – 27 адам;
  • 2021 жылы – 0;
  • 2022 жылы – 29 адам;
  • 2023 жылы – 48 адам;
  • 2024 жылы – 122 адам.

Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың дене, адамгершілік және рухани дамуы мен тәрбиеленуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Инклюзивтік білім беру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы