Сайлау жарнасын енгізу үшін реквизиттер

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 104-бабының 1-1-тармағына сәйкес бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Мәслихат депутаттығына кандидат тіркеуге дейін және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын депозит ретінде жергілікті атқарушы органдардың шотына енгізеді.

(2026 жылы – 85 000 теңге)

Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

Сайлау жарнасын енгізу үшін реквизиттер:

«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаева  көшесі, 32

БСН 970140002575

БИК KKMFKZ2A

ЖСК KZ070705031223015002

«ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ» РММ

Кбе 12

КНП 190

 

Төлем мақсаты: Павлодар аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы Тегі Аты Әкесінің аты

Жарияланған күні

19 қазан 2026 11:12

Жаңарту күні

19 қазан 2026