Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов жұмыс сапарымен Ақсу шағын ауданына (кентіне) барды

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов  жұмыс сапарымен Ақсу шағын ауданына (кентіне) барды

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов  жұмыс сапарымен Ақсу шағын ауданына (кентіне) барып, тұрғындармен кездесті. Негізгі мәселелердің қатарында сумен жабдықтау, кентішілік жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыру, балаларға арналған ойын алаңдарын, қоқыс бактарын орнату бар. Аталған мәселелер бақылауға алынып, кезең-кезеңмен шешілетін болады.

Одан әрі жылы арна аумағында «Ботаханова» ЖК өкілдерімен кездесті. Бұл кәсіпкерлер 2019 жылдан бастап жағажайда адамдардың бос уақытын ұйымдастырып келеді. Қазіргі уақытта алдағы шомылу маусымына арналған жұмыс жоспарының презентациясы дайындалуда.